Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің жүлдегерлерімен кездесу кеші өтті

Халықаралық «Шабыт»  шығармашыл жастар фестивалінің жүлдегерлерімен кездесу кеші өтті

Астана қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде ХVІІ Халықаралық «Шабыт – 2014» шығармашыл жастар фестивалінің «Үздік әдеби шығарма» (Поэзия) аталымы бойынша конкурс өтуде. Байқау аясында Халықаралық «Шабыт»  шығармашыл жастар фестивалінің Гран-при  иегерлері және лауреаттарымен кездесу кеші өтті,  – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Кездесуге Асылзат Арыстанбек, Құралай Омар, Ербол Бейілхан, Мирас Асан сынды әр жылдары Халықаралық «Шабыт»  шығармашыл жастар фестивалінде жүлдегер атағанған ақындар қатысты.

Ақындар  биылға «Шабыттың» жылдағы дәстүр бойынша қызу өтіп жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, өздері қатысқан жылдары аталмыш жыр додасының қалай өткенін және бұл байқаудың мән-маңызы туралы айтып берді.

Кездесуде ақындар өлең оқып, әсерлі әңгімелерін бөлісті.

Бұндай кездесулер фестивалге қатысушы жастар үшін пайдалы болары сөзсіз.

Сурет: ©Мassaget.kz

Н. Айдархан