Кітап - асыл дүние, кітап - досың... (байқау)
жеке
блог

Кітап - асыл дүние, кітап - досың... (байқау)

 Байқау мəресі жақындап қалған сайын, атқарылуы тиіс жұмыстардың қатары артып та кетті. Мақала жазу, спорт, 11-ші сыныпқа дайындық, тест тапсырмалары, постер жасау сынды. Ал, оқуға тиіс 10 кітаптың тізіміне келер болсақ. Бұл апта да біраз тер төгілді. Ия, айналдырған бір апта да екі кітап оқыдым. Кітап - менің жан серігім, жан дүнием, қиялым.
1. Парақ беттерінде тізілген кітаптардың біріншісі, тарихи көлемді шығарма - "Қаһар" туындысы болатын. Өткен блогым да айтып кеткенімдей тарихи көлемді туынды, Көшпенділер кітабының үшінші трилогиясы. "Қаһарда" қазақ даласында тəуелсіз хандықты орнатуды мақсат еткен Кенесарының қол жиып көтеріліс бастауы, тəуелсіздікті қолдамаған сұлтандарға жəне патша бекіністеріне шабуылы, талабы өтпеген жерлерде халық қанының төгілуімен есептеспей, күш қолданылатын істерге баруы баяндалады. "Қаһар" романы - қазақ халқының азаттық жолындағы күрес шежіресіне қосылған, оның ішкі сырларын түсінуге көмектесетін тарихи шығарма.
2. Көптен күткен махаббат кітабым. Əзілхан Нұршайықовтың қаламынан туған алтын туынды - Махаббат қызық мол жылдар. Бұл кітапты оқуға кеңес алар да керемет отты сезім болған. "Соңғы қоңырау" күніне санаулы күн қалған да жиналыс болып, 11 -ші сынып қыздары бізге өсиет айтты. Сонда, бір ару "ата-аналарың сендерге сенеді, оларды сыйлаңдар, қыз баласы оқуы міндет - махаббат қызық мол жылдарды оқыңдар" деп айтты. Кітапханаға барып, сөре бойына тізілген кітаптардың ішінен тауып алып, оқыдым. Тәрбиелі, нағыз қазақы қыздың мінезін байқадым, Меңтайдан. Апамның айтқандарына не жетсін? Өнегелі өсиет, нəзіктік, сезім, шыншылдық ұштаса білген. Қатты ұнады. Оқымаған болсаңыз, оқуға кеңес беремін...

Кітап - асыл дүние