Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін сала қандай?
жеке
блог

Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін сала қандай?

 Математика барлық ғылымдардың тұңғышы  және оларға пайдалы да қажетті.

Роджэр Бэкон

       Математика - сен ғылымдардың патшасы, биік шыңсың. Сенің биігіңе кез-келгеннің шыға алмасы анық. Менің асыл арманым тау биігін бағындырып, бұлттарға қол созу. Бірақ сенің биігіңе шыға аламын ба жоқпа белгісіз, әйтеуір тырмысып жатырмын. 


е

          Мектеп табалдырығын аттағалы үздік оқушы атанып келемін. Үздіктердің үздігі болу үшін бір саланы ғана емес бірнеше саланы қамту керек. Ол үшін мектеп бағдарламасына енгізілген барлық пәндер менің сүйікті пәнім болуы шарт.  Жаратылыстану-математикалық бағытта білім беретін мектепте оқып жүріп, оның үстіне үздік атанып жүрген оқушының  математикаға келгенде ақсап қалуы үлкеен сын болатыны анық. Ендеше, ертеңгі күнім үшін миымдағы қыртыстарды сандармен толтырып жатырмын.

     Бір таңғалып отырғаным осы күнге дейін ұқпаған сандарды ереекше тәсілдермен санама сартылдатып  сақтап жатырмын. "Сол қол" әдісі арқылы синус, косинустардың қай градуста қандай мән беретінін 5 минутта жаттап алдым.  5 жылда жатталмаған сан 5 минутта қалай жатталды деп таңданып отырсыз ба?  Міне, былай...

                                          Сурет жеке күнделігімнен алынды.

 Иә, Көркем де, мен де математиканы мойындадық

       Ал, тіл үйрену жайы не болып жатыр? "Өз тіліңді өзің үшін, өзге тілді күнің үшін үйренесің"

   Осы жазда ағылшын тілін 0-ден бастап үйрендім. Тіл үйренуге құлшыныс, тілге деген құрмет барда үйренгенім жерде қалмайтынына сенімдімін."Болашақ мамандығың қандай?"- деген сұраққа ойланбастан жауап беріп те жүрмін. "Қиын емеспе?"- дегендерге,"Бір тіл білген бір адам, екі тіл білген екі адам"- деп қысқа қайыруды шығардым. 

         Математика ғылымдардың патшасы болса, шет тілдері әлем елдеріне тегін жолдама.