Оқи отырыңыз

Жақсылық көрсем – өзімнен,
Жамандық көрсем – өзімнен.

Автор: Сұлтанмахмұт Торайғыров

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

WHATEVER YOU THINKING, THINK BIG
WHATEVER YOU THINKING, THINK BIG

Автор: Жолдас Өрісбай

Статус: Фрилансер тілші

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Адамдар неге спортпен айналысады? (Байқауға)

Адамдар неге спортпен айналысады? (Байқауға)

Адамдар неге спортпен айналысады? (Байқауға)

 "Адамдар неге спортпен айналысады?" - деген осы бір сұраққа жауап іздеп көрейікші!..
   Себебі, спорт-адамдарға қуаныш сыйлайды! Өзің ойлашы, кез келген жарысқа қатысып, жеңіп шықсаң қандай қуаныш! Сонымен бірге спортпен айналысқан адам сымбатты, қайратты əрі денсаулығы мықты болады. "Шынықсаң -шымыр боласың"демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы.
  Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тəсілі - спорт!
  Бірінші байлық-денсаулық. Денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен айналысуымыз керек. Күнделікті өмірде спортты сүйетін жандар көп. Əркімнің санасындағы спорт ұғымы - сан алуан. Расында да, көпшілікті ұлты мен жеріне, 
тілі мен дініне бөлмей өзіне ынтызар етер спорт құдіреті жоғары.
Бәріміз білетіндей, "спорт - денсаулық кепілі".
Бастысы, талғампаз тəкəппəр өнерге
шексіз беріліп, адалдық танытсаң берері мол - сиқырлы əлем. 
   Спорттың сан алуан түрі бар. Əркім өзі қалаған спорт түрімен айналыса алады. Спорттың футбол, хоккей, регби, баскетбол сияқты командалық түрлері бар. Сол сияқты екі не төрт адам қатысатын үлкен жəне  үстел  теннисі, сквош сияқты спорттық ойындар да болады. Жеке бәсекеге түсетін спорт түрлері де көп. Айталық, суға жүзу, жеңіл атлетика,шахмат, гимнастика, тоғызқұмалақ жəне тағы да басқа...
   Əркімнің жанына жақын, айналысқысы келетін спорты болатыны анық. Менің жаныма жақыны - тоғызқұмалақ пен шахмат.

рьоб
  "Тоғыз құмалақ" - ежелден қазақ халқының арасына көп тараған, жұрттың қызығып, сүйсініп ойнайтын ойыны. Бұл ойынның əдепкі мазмұны қазақ халқының шаруашылық кәсібімен, əдет - ғұрпымен байланысты. Оның солай екенін "отаулар" мен ойын шарларының ("құмалақ") атынан байқауға болады. "Тоғызқұмалақ" ойыны кісінің ой өрісін ұлғайтуға, тапқыштыққа, ұғымды, ұқыпты болуға үйретеді. "Тоғызқұмалақ " ойынына əдейілеп жасаған ойын тақтасы жəне 162 дана шар керек (шардың аумағы 5-6 миллиметр). Ойын тақтасының құрылысы шахмат тақтасы сияқты, оның сыртқы бетіне шахмат, шашка ойнауға болады, ал ішкі бетіне "Тоғызқұмалақ" ойынын ойнауға арнап 18 кішкене ұя ("отау") жəне 2 үлкен ұя ("қазан" яки "орда") ойылған. 
Бүктемелі шаршы ойын тақтасының екі қанатының екі бұрышына запас шар салынып қойылатын екі жəшік қондырылған. Ойнау алдында ойыншылар шарды 81-ден тең бөліп алады да, əр қайсысы өз отауларына оны тоғыздан бөліп салады. Бірінші ойында кімнің бұрын жүруі жеребемен шешіледі, яғни жеребе кімге түссе, сол бұрын жүреді. Келесі ойынды ұтқан кісі бастайды. Ойыншылар кезектесіп жүре береді. Соңында кімнің шарлары көп, сол жеңіске жетеді.
Ал шахмат ойыны 1500 жыл бұрын алғаш рет Үндістанда шыққан. Сондықтан шахмат фигуралары үнділік əскер түрін білдіреді .
Еуропада бұл ойын орта ғасырларда пайда болды. Сол кезден бастап фигуралардың түрі мен аты өзгерді жəне олар қазірге дейін солай аталып жүр. Шахмат ойынын арнайы
тақтада жарысушы екі адам ойнайды.Шахмат ойыншыларының əрқайсысында 16 фигурадан болады. Ойыншылар кезек -кезек
жүріс жасайды, бірінші жүріс - ақ түстікі. Ойынның мақсаты - бөтен корольді тұтқынға алу. Жау жақтың фигурасының орнына өз фигураңды қойып "жеуге" болады. Түсіп қалған фигураларды тақтадан алып тастайды. Король қай жақтікі болмасын, егер келесі жүрісі "тұтқынға" түсіретін торшада тұрса, онда оған "шах" екені жарияланады,
мұнан соң ол қауіпсіз торшаға кетуге міндетті. Егер ондай жүріске мүмкіндігі болмаса, онда король "мат" болғаны жарияланады. Корольнен айырылып қалған жақ жеңіліп, ойын осымен аяқталады.
Міне, шахмат пен тоғызқұмалақ осылай ойналады.
    Маған командалық спорт түрлері де  ұнайды. Мәселен, біз дене шынықтыру сабағында баскетбол, волейбол, футбол сияқты спорт түрлерін ойнаймыз. Қазір жаз мезгілі болғандықтан, көбісі суға жүзумен, доп ойнаумен айналысады.
    Жазды қызықты өткізу үшін, спорттың пайдасы зор. Біздің ауылымызда көкпар жиі өткізіліп тұрады. Ауылымызда көкпардан  бөлек, асық, ақсүйек, бес тас, лəңгі сияқты ұлттық ойындар ұмыт бола қойған жоқ.  Мен ойымды  мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді.
                 -  "Спорт сенің серігің, 
                   Жанға дауа, қолға күш .
                   Сергітетін адамды -
                   Қимыл менен қозғалыс!"

771 5
Рейтинг: +5

Жазылған уақыты: 08 тамыз, 15:42
Тегтер: Спорт,денсаулық,қозғалыс,тоғызқұмалақ,ойын
Пікірлер
+0
08 тамыз, 16:03

Спортпен айналысқан дұрыс əрине!тек еріншектігіміз ұстамаса:)

+0
09 тамыз, 19:10

Шахматты жазбадан да, видеодан да үйрене алмай-ақ қойдым))) Жарайсың, Арайжан!

+0
10 тамыз, 16:01

Жақсы жазыпсың)Өзіме волейбол ойнаған ұнайды.Щахматты əкем екеуіміз қыстың күні пештің қасында ойнайтынбыз)))Ережесінен хабарым бар ...Бірақ,үнемі жеңіліп қалам

+0
12 тамыз, 02:49

Волейбол менің махабатым ғой. Шахмат ой өрісті дамытады. Шахмат ойнағанды жаным сүйеді. Тоғықұмалақты ойнаймын, бірақ соңына дейін шыдай алмаймын кейде

+0
13 тамыз, 15:25

Тоғызқұмалаққа жетпейтін шығар ештеңе)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...