Көше кезген қилы тағдыр!(Байқауға)
жеке
блог

Көше кезген қилы тағдыр!(Байқауға)


     Жыл сайын елімізде көше кезген жандардың қатары көбеюде.Саны да белгісіз.Бірақ жыл өткен сайын тағдырдың қилы сынағына төзе алмай,қоқысқа толы өмірдің есігін қағатын жандар көп.Мұндай өмірдің табалдырығын аттаған жандардың өмірге деген көзқарасы əртүрлі,тағдырлары сан қилы.

      Біріншіден:ішкілікке салынып,барынан айырылу,бар жиған тергенін жоғалту.

      Екіншіден:өз отбасынан безу.

      Үшіншіден:Өмірге деген қызығушылықтың қалмауы секілді жайттар бірден бір қаңғыбастыққа себепкер болып жатады.

бдьбздлзщд

       Көзіміз үйренгенге ,етімізде үйренеді.Сол секілді қазіргі күні қаңғыбастық барлық елде бар.Күнде көріп те жүрміз.Қаңғыбастарға жиірене де жиіркене де қараймыз.
      Көше кезгендер туралы қоғам пікірі екіге бөлінеді.
     Бірі жиіркене қараса,енді бірі аянышпен қарайды.
     Қаңғыбастарды дұрыс өмірге жетелесек болмай ма?
     Əрине болады.Елімізде көше адамдарына арналған арнайы бейімдеу орталығы барлық қалаларда бар.Бейімдеу орталығында бұл жандарға барлық жағдай жасалған.Бірақ көше кезгендер орталықта ұзақ тұрақтамайды.Қайтадан адам қатарына қосыла бастағанда,ескі қоқысқа толы өмірінің есігін қайта ашады.
вапролдж
     Міне,мұндай жандардың тағдырын қоғам болып шешуіміз керек.Олар қоғамның бір мүшесі.Қоғам адамдардан тұрады.Адам бұзылса,қоғамда бұзылады.Сондықтан əр пенденің тағдырына алаңдаушылықпен қарауымыз керек.Адам тозса,елде тозатынын ұмытпай,көше кезгендердің дұрыс өмір кешуіне қолымыздан келгенді жасайық!

     Сен оларға жиіркеншіпен қарадың ғой иə?!
     Тіпті кейде адам екенін де ұмыттың ғой?!
     Сонда сенің олар туралы ойың қандай?!