"Тасбақаның терісі неге бөліктерден тұрады?" (Байқауға)
жеке
блог

"Тасбақаның терісі неге бөліктерден тұрады?" (Байқауға)


        Баяғыда бір тасбақа болыпты.  Ол кезде, оның денесі біртұтас   қатты қабатпен қапталыпты.  Өзі әр нәрсені білуге құмар екен.  Бір күні ол құм үстінде ойланып   жатып, жұлдыздарға қарайды, жалт-жұлт еткен жұлдыздар, оны  қол бұлғап шақырып тұрғандай көрінді. Содан ол аспанға барғысы келеді де, жолға шығады.  Денесіндегі қатты қабаты оның   қозғалуына қиындық тудыратындықтан, тасбақа өте жай жүретін еді.Ол аспанға барамын деп, біраз жол жүреді.
        Бірақ, шексіз жол оны әбден титықтатады. Түн болған кезде, ол тағы аспанға қараса, жұлдыздар әлі жымыңдасып тұр  екен. Тасбақа тез жетсем деп құмартады. Осылай ой үстінде   жатқанда, жанына бір қыран ұшып келеді. 

  Тасбақа  құсқа:
      -  Аспанға  қалай  жетуге  болады?
Мен аспанға барамын деп, күні бойы жүріп, әбден шаршадым, - дейді ауыр күрсініп, қыран қарқылдап күледі.
- Аспанға өмір бойы жүрсең де, жете алмайсың.
- Сонда қалай жетуге болады?
- Менің қанатыма отыр, ұшамыз.
Мен сені бұлттардың үстіне тастап кетейін, - дейді қыран қарлыққан жуан даусымен.
Тасбақа қыранның қанатына отырысымен, олар аспанға қалықтап ұша жөнелді. Ұшып 
келе жатып, қыран тасбақадан:
- "Жер көріне ме?",-деп сұрайды.
Тасбақа жерге көз тастаймын деп, еңкейе бергенде ауып кетіп,
жерге құлайды. Биіктен құлаған
тасбақаның сыртқы қабаты шашылып, бөліктерге бөлініп қалады. Содан бері оның сыртқы 
қабаты бөлшек-бөлшек екен.
Әрине, бұл ел аузында жүрген әңгіме. Бұның не өтірік, не шын екенін ешкім білмейді.Бұл жәй ғана аңыз ба, ол да әзірге жұмбақ күйінде ?!