Шимай. Анкета.
жеке
блог

Шимай. Анкета.

- Бәрі дұрыс па?-сыбырлай естілген дауыс ашық шықты.-Қалайсыз?

-Сіз кімсіз? - осы сөзді айтқан бойда, орнынан атып тұрды. -Мен қайдамын өзі? - Қорықпаңыз, сіз ауруханадасыз. - Мен, мен...

- Сіз қатты шошынып қалғансыз, демала беріңіз, мен қазір келемін.

   Ол орнынан тұрды да, кітапшаға әлдене жазып жүріп бөлмеден шығып кетті. Аурухананың аядай бөлмелерінің бірі екен. Терезесі ашық тұрғандықтан, көліктердің дауысы, айқайлап,шулап жүрген балалар, қайда екені белгісіз, асығып жүрген адамдар. Терезенің алдындағы әсем өрнектелген құмырадағы гүлдер адамды ерекше баурайды екен. Күн сайын суын ауыстырып, ерекше күтім жасалатыны айдан анық. 

    Гүлдерге қарай отырып, аз да болсын мең-зең күйден арылған соң, кешегі жайды есіне түсірді. Сол белгісіздің үрейлі дауысынан кейін не істеп, не қойғанын білмейді, есіне түсіре алмай-ақ қойды.

-Мені бұнда кім әкелді екен? Қашан? Қалай? - осы сұрақтың түбіне жете алмай біраз отырды. - Қазір анықтап біліп алайын.

   Ол терезеге қарай аяңдады. Салқын ауа денені тітіркендіріп жіберді. Гүлдердің хош иісі керемет еді.

 - Шамамен сағат таңғы жеті болса керек-ті.-деді ол терезеден қалаға қарап.

 - Бұл қай жер? Қаланың орталығы-ау! Мен мүлде келмеппін.

-Бәрі дұрыс па? Кіммен сөйлесіп жүрсіз?-деп оның жанына келгенде,ол артқа бұрыламын деп, құмыраны құлатып ала жаздады.-Абайлаңыз, бір жеріңізді ауыртып алмадыңыз ба?- ол құмыраны орнына дұрыстап қойып, оған назарың аударды.

-Кешіріңіз-деді, естілер-естілмес.

-Бұл қай жер?

-Қаланы орталығы- деді күлімсірей. -Бұрын келмеп пе едіңіз?

-Жоқ, мүлде келмеппен.

-Бейнеңіз таныс секілді...

-Үлкен аурухана екен, келіп кеткен адамдар көп қой, солардың біреуіне ұқсатқан шығарсыз.

-Мүмкін. Сүйкімді мына арудың есімі кім болады екен?

   Бұл жағымпаздығы ұнамаса да, сыпайы сөйлеуге тырысты.- Алуа. Мен мұнда қалай келдім?

-Кеше сізді есіңізден танған күйіңізде әкелді. Демалыс орнында жүр екенсіз. Әкелген адам сізді көл жағасынан тауып алғанын айтты, сізді танымайды екен. Ол сізді жылан, жәндік секілділерден қорықты деп шамалады. Сіз қайда тұрасыз? 

-Енді бәрі түсінікті. Рақмет. Маған кете беруге болады ма?

-Ііі...тек мына қағазды толтыруыңыз керек. Алуа қағазды толтырып біттісімен кетпекші еді, жігіт оны тоқтатты:

-Тоқтай тұрыңыз, қағаз үстіңгі бос орынға номеріңізді қалдырыңыз. Және... және де мына гүл сізге алып едім- деді де гүлді қызға ұсынды.

  Ол алғашында таңырқап қалды.

-Көп рақмет,  сауболыңыз!-деді де, гүлді алып екі беті қызарған күйінде бөлмеден шығып кетті.

-Бұнысы несі? Қызық адам екен. Біртүрлііі.

-Кіммен сөйлесіп жүрсіз?-деген есік тазалап жүрген тазалықшының дауысынан ол қысылыңқырап қалды.

-Ешкіммен сөйлесіп жүрген жоқпын, жай... өзім...Шыққан бетте ол бағытын аңғарып алуға тырысты.

-Қалай жүремін? Үйреншікті қала шетіндегі ауруханаға әкелсе жақсы болар ма еді?

   Алуа жол іздеген бойда, белгісіз жерге асығып бара жатқан адамдардың қатарына қосылып, кете берді...