Гитараммен мектеп сахнасына...(байқау)
жеке
блог

Гитараммен мектеп сахнасына...(байқау)

 "Гитара" сөзі санкрит тілінің екі сөзінен құралған: "сангита"-"музыка" дегенді білдіреді, ал ежелгі парсы тілінің "тар" сөзі "ішек" деген мағынаны білдіреді. Гитара жасайтын шеберді лютье деп атайды.
    Гитараны сатып алғаныма көп уақыт болды. Бірақ әлі үйрене алмай жүрмін. Аккордтарын жаттадым. Өзімше болып алдында струнасын дұрыстамақшы болып едім, ең жіңішке струнасын қатты қысып едім, үзіле салды. Қатты қорқып кеттім. Енді нестеймін деп көп ойландым. Сөйтсем орнына басқасын қоюға болады екен. Гитараны үйрену үшін біріншіден гитара, екіншіден үйренуге деген ынта болса жеткілікті.
   Биыл 11-сынып болғандықтан мектеп сахнасына гитарамен шығуды жоспарлап жүрмін. Сондықтанда гитара үйрену мақсатым.
   Биікке шығу үшін төменнен жоғары қарай әрбір баспалдақпен жүресін. Жоғарыға жету үшін алға қарай қадам басып, жылжисын. Іс-қимыл жасамай көздеген жеріңе жету мүмкін емес. Өмірде де солай. Алға жылжып, нақты қадам басу керек. Сонда ғана арман-мақсаттарымызға жетеміз. Мен гитараны достарымнан, видеосабақтардан үйреніп жүрмін. Алдағы уақытта видеосын салуға тырысамын.