Кімде-кім арманына жеткісі келсе, кітап оқысын (байқау)
жеке
блог

Кімде-кім арманына жеткісі келсе, кітап оқысын (байқау)

 
    Өзінің биік, таза, рухани қасиетімен кітап-мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады. Кітап-адамзат баласына ағарту һәм білім сыйлай береді. Кітап-уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі. Адамзат кітапқа өзінің қасиетті сезімі мен жан жылуын сеніп тапсырған. Кітап біздің алға жылжуымызда, адамгершіліктің биік шыңына көтерілуде өлшеусіз ақыл қосады. Тек кітап қана ақиқат пен жалғанның ара жігін айнытпай танып білуге үйретеді. Ол ең сабырлы ұстаз.
 
   Мен Джеймс Гринвудтың "Өгей бала" хикаясын оқып жүрмін. Хикаятта панасыз жетім баланың басынан кешкен қиын күндері сөз болады. Өгей шешеден көрген қысымы мен қатыгез әкенің қорлығына шыдамай үйінен қашып шыққан баланың басынан кешкен қиын тағдыры баяндалады. Жазушы жоқшылық пен кезбеліктің адамдарды қылмыс жасауға итермелейтінін көрсетеді. Хикаятта шарасыздықтан шырғалаңға түскен баланың қиын тағдыры шынайы суреттеледі. Джеймс Гринвудтың бұл хикаясы өте әсерлі. Оқи отырып, көзге еріксіз жас келеді.