Енді қызыққым келмейді... (Байқау)
жеке
блог

Енді қызыққым келмейді... (Байқау)

Бəршаңызға жалынды сəлем!
Міне, 8 апталық байқаудың 4 аптасын артқа тастаппыз. Уақыт деген зымырайды-ау шіркін, уақытыңнан қалай кетіп жатқанын да білмейсің.
Кеше ғана тест, Гос, аттестат деп шауып жүрсек, екі ай да өтіп кетіпті. Қалған бір айымызды пайдалы өткізуіміз қажет, жаңа оқу жылы басталған да сабақтан қол тимей жүргендей кейіп танытатынымыз өтірік емес.
Осы аптамды ағылшын тілін үйренуге жұмсадым. Не істегенімді сіздермен бөлісейін!

1) Ағылшынша фильмдерді субтитрмен жəне субтитрсіз көрдім. " Человек улыбка ", "X + Y", "Знаки" атты фильмдерді қарадым.
Фильмдерді осылай қараған дұрысырақ əрі пайдалы. Сөздердің қалай айтылатынын үйрене бастайсың, құлағың да үйренісе береді жəне жаттап жүрген сөздеріңді есту оны түсіну - бұл еңбектің еш кетпегенінің белгісі.

2) "Дуолинго" жəне "Fun easy learn" (ең жақсысы, тілдер қатарында қазақ тілі де бар) атты қосымшаларды қолдануды бастадым.
Екі қосымшаның да пайдасы мол. Жаңа сөздерді үйреніп, сөйлемдердің қалай құрылатынын есте сақтай бастадым. Сіздерге де қолдануға кеңес беремін!

Қандай тілді үйренсек те, оның өз қиындығы бар. Бірақ, ниет пен еңбек етсең қай тіл болмасын үйренуге болады. Қатарластарымыз ағылшынша өзіңнен артық білетін кезде қызығатынымыз жасырын емес. Шынымды айтсам, көп тіл білетін адамдарға қызығамын, мен де сол адамдар секілді болғым келеді.
Сондықтан, мақсатымнан таймай еңбек ететін боламын!