Кітап – гүл сияқты  (Байқауға)
жеке
блог

Кітап – гүл сияқты (Байқауға)

Ес білгелі үй мен кітапхананың арасын жалғап,аптасына бір  баруды әдетке айналдырған едім. Сондағы  ойым  кітапханашы  апайға қолғабыс болу және кітапханада отыратын егде жастағы  атаның  әңгімесін  тыңдау. «Біз соғыс кезінде...» деп басталатын  әңгімелері  жастайынан  есейгендігінің  дәлелі. Ал, жасы  келсе де  кітап  оқудан  ажырамаған  атаға  таңқала  қарайтынмын. Бұл бір. Кітапханаға  тартып  тұратын  тағы  бір  күш – кітапханашы  апайдың  мейірімі еді. «Мен де өскенде кітапханашы боламын» деп  армандайтынмын.

Біздің  ауылдың  кітапханасы мемлекеттік мекеме яғни әкімшіліктің  ішінде орналасқан. Кітап қоры – 24 608. Мұнда  қазақ әдебиетінен бөлек әлем әдебиеті,жаратылыстану бағытындағы, ауыл-шаруашылық,өнеркәсіптік, заң  саласындағы  кітаптар бар. Аталған кітаптар 68-85  реттік  сандарымен  орналасқан. Қазақ  әдебиетінің  жауһарлары 86 реттен басталып әліпби бойынша  орналасқан. 

уакпкпка

Оқырман залында  кітаптар  ай  сайын  ауыстырылып  тұрады. Барлық кітаптар  сақталған  бөлменің  атмосферасы  өзгеше  әсер  қалдырады. Кітаптың  иісінің  өзі небір қымбат иіссулардан  артық.Тіпті   басым  айналып кетті. «Кітап – гүл сияқты» дейді кітапханашы апай. Оны баптап жөнді қарау керек. Кітаптарды  ретімен   қоя  жүріп  байқағаным орыс жазушыларының кітаптары (төл тілінде) түкпірде  шаң  басып  қалыпты. «Ауыл балалары  қазақ әдебиетін әрең  оқиды, орысша кітапты қайтсін» дейді. Ауылдың  «орысшалығы»  бәріне  таныс  шығар. Кімге  барып шамданайын? Кітапханаға  келген  адамдардың  аяқ алысы  көп  болмады. Бұған себеп күннің ыстығы деп  жылы  жауып  қоя  салайын. Апайдың  қасына серік  бола  жүріп көп нәрсе  түйдім.

Кітапханашының  бойында  мынадай  қасиеттер  болу керек:

Педагог.Оқырманмен кеңесіп,оның  психологиясын әп  сәтте зерттеп оған қажетті  дүниесін  тауып беру.

Жан-жақтылық. Алдыңа  келген оқырманның сұраған кітабын(әртүрлі  бағыт  бойынша) тауып  беру.

Әртістік. Сіздің  алдыңызға  түрлі  мінезді  адам  келуі  мүмкін.Өзіңіздің  бірқалыпты  мінезіңізді сәл өзгертіп,оқырманмен  тіл табысу.

Технологияның құлағында ойнау. Қазіргі  уақытта кітапхана  ісінің  өзі  жаңа  технологияның  көмегімен  жүріп  жатыр. Интернет,компьютердің  тілін  жетік  меңгеру  артық етпейді.

Ең  бастысы жылы,жарқын  жүзіңіз  бен мейірімділігіңіз. Егер  осы қасиеттер  бойыңыздан  табылса,сізден жақсы кітапханашы  шығады.