"Батырым-Бауыржаным"(Байқау)
жеке
блог

"Батырым-Бауыржаным"(Байқау)

         Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады. Иә, бұл Бауыржан Момышұлының қанатты сөздерінің бірі...

      Ұядан діни тәрбие алған Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24-желтоқсанында Жуалы ауданының Мыңбұлақ атты ауылында дүниеге келген. Батырға дейін төрт қыз көрген ата-анасы ол туғанда қатты қуаныпты. Атасы Имаш жан-жаққа кісі шаптырып, ұлан-асыр той жасайды. Шілдехана тойында Имаш ақсақал немересін көтеріп шығып, ел қарияларынан бата сұраса, олар: “Төл немерең, бел немерең ғой. Бата жөні де өзіңдікі” десіпті. Сонда атасы:

Алатаудың қыраны мол еді –

Қырағы болсын, құлыным.

Қойнауы суға мол еді –

Бұлағы болсын, құлыным.

Елінің тілегі зор еді –

Шырағы болсын, құлыным.

Ата тілегі оң еді –

Құмары болсын құлыным.

Бұл жер батырлар төрі еді –

Сыңары болсын, құлыным! – деп бата беріпті. Қазақ ежелден сөзге, оның құдіретіне ерекше мән берген халық қой. Көптің тілеуінің орындалатынын білген. Өзіміз де алақан жайып, дұға жасаған қолды, Алла тағаланың бос қайтармайтынын да жиі айтамыз. Шынымен Имаш атамыздың бұл батасы орындалғандай! Бауыржан атамыз Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай сияқты батырларымыздың жалғасы! Бауыржан атамыз Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. "Москва үшін шайқас" менің оқып жатқан туындыларымның бірі! Кітап төрт бөлімнен тұрады Бұл кітапта Бауыржан Момышұлы өзінің кереметтей жазушы, стратег екенін далелдеген! Москва үшін шайқас бұл Бауыржан Момышұлының өміріндегі ерекше кезең болған. Аға лейтенант Бауыржан Момышұлы сарбаздармен қақаған қыста Мәскеу түбінің омбы қарына малтыға жүріп, бес рет қоршауды жарып шығып, жалпы саны 27 рет қол бастап ұрысқа кіріп, соғыс тарихында болмаған тактикалық маневрлер жасап, әскери өнерге жаңалық енгізген. Командир Момышұлы жетік стратег, асқан тактик, психолог еді.Мен кітаптан көп нәрсе ұқтым.Менiң ойымша бұл кітапты әрбір қазақ оқуы тиіс!Бұл туынды жастарды Отансүйгіштiкке, жанашырлыққа баулиды!