Дебат ойыны жайлы білесіз бе?(байқау)

Дебат ойыны жайлы білесіз бе?(байқау)
жеке
блог

Дебат деген не?Бұл сұраққа әр түрлі анықтама табуыңыз мүмкін.Бірақ не екенін соның бір бөлшегі болғаныңызда ғана түсінесіз.

Дебат-тәртіп пен тәрбие.Бұл ойында пікір таластыра,сөз жарыстыра отырып тәртіп сақтайсыз.Дебатқа қадам басқан күннен бастап сөйлеу әдебіңіз сыпайылыққа «сізге»ауысады.Тек бұл ғана емес  айналаңыздағы адамдарға «ханым,мырза»-деп құрмет көрсетесіз.Бұл алғашында мен үшін жат болатын.Ханым,мырзаны тек кинодан естуші едім,ал дебатта өзіңді «Сымбат ханым...» -деп атағанда үнемі күлкім келетін.Уақыт өте келе бұл мен үшін әдетке айналды.Жай ғана әдет емес,мәртебеге айналды десем артық айтқаным емес.

Дебат маған көптеген достар сыйлады.Өз достарымды жаңа қырынан таныдым.

«Ойында қарсылас болсаңыздар,өмірде дос болыңыздар» -бұл төрешінің ойын соңында қортындылап,қол алыстыратын сиқырлы сөзі болатын.Ойын аяқталған мезетте қарсылас топпен танысуға асығатынбыз(үлкен жарыстарда).Бұл дебаттың маған берген ең үлкен сыйлығы.Бұл тек бір төбе.Ал дебат ойын ы барысында сіз нақтылыққа,ойыңызды тура жеткізіп,жүйелілікке үйренесіз.Айтылған қарсы пікірге қарамастан өз ойыңыздың дұрыстығын дәлелдейсіз.Дебатта сіздің бойыңыздан табылуы керек қасиеттер:білімділік,батылдылық(көпшілік алдында сөйлеген кезде),әдептілік.

Құрметті  массагеттік достар! Дебаттқа қатыссаңыздар өз қызықтарыңызбен бөлісе отырыңыздар.

Дебат жайлы не ойлайсыз?

Қатыспасаңыз қам жемеңіз алда мүмкіндік бар.ЖОО-да дебат клубтары болса ойланбастан мүше болыңыздар.Себебі, дебаттың сізге берері мол.