Василий Ломаченко супер чемпионға төтеп бере ала ма?

BAUKENTI ZHAQSYMBET Корреспондент
 Василий Ломаченко супер чемпионға төтеп бере ала ма?

Олимпиаданың екі дүркін чемпионы украиндық Василий Ломаченко 22 қараша күні Қытайдың Макао қаласында тай елінің азаматы Чонталарн Пирийяпиньмен кездеседі. Бұл жекпе-жек Ломаченконың алғашқы титулы үшін бақ сынасуы болмақ.

БӨЛІСУ

Макаода Ломаченконың мерейі үстем болып жатса, онда келесі қарсыласы әлемнің WBA сериясындағы супер чемпионы Николас Уолтерс атанбақ. Суперчемпионның менеджері Жак Дешамның сөзіне сенсек, «Василий керемет боксшы, бірақ әуесқой бокстан. Николастың күшіне төтеп беруі мүмкін емес және Ломаченко бұрын мұндай қарсыласпен шықпаған».  

Естеріңізге сала кетейік, Ломаченко кәсіпқой боксқа ауысқанда оны білікті мамандар әлемнің үздік бес боксшысының қатарына да кіргізген болатын. Және Головкиннің де жолын бөгей алатынына да сенімді болған. Жұрт мақтаған Ломаченко бабында ма, жоқпа оны Макаода көретін боламыз.  

сурет: sport-express.ua