жеке
блог

Алмас қылыштарым... (байқау)

         Екінші блогымды өте кеш шығарсам да, осы апта да оқуға тиіс 10 кітаптың біреуін оқып шығып, алтындай сөздермен басылған, алтындай туындыға шолу жасап өткенді жөн көрдім. Бұл ірі көлемді шығарманың авторы - Ілияс Есенберлин. Көшпенділер... Əдебиет пен тарих бір-біріне арқа сүйеу арқылы атам заманнан бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Иə, автордың ізденісі бірінші беттен-ақ сезіліп тұр. Кітап 3 трилогиядан тұратынын айтқан болатынмын. 
        1. АЛМАС ҚЫЛЫШ. ХV- ші ғасырдың 60-ыншы жылдарындағы Керей мен Жәнібектің Шайбани ордасынан бөлінуінің себептері, салдары туралы баяндалған. Қазақ хандығының Қозыбасы да туы тігіліп, ақ түйенің қарны жарылған ғасырдан да ұзақ қуанышты күндер алғашқы қазақ қауымының басынан өтті. Бұл кітаптан керемет сөз тауып алған болатынмын. " Кейде тарих адам атымен осылай ойнайды. Тірісінде жоқ даңқты өлгеннен кейін береді". Ойланарлық сөздер). Сонымен қатар мен осы кітаптағы өзіме ерекше ұнаған, күшіне қарағанда, ақылына көбірек сенетін - Қасым ханды жоғары бағалаймын. Оның парасатты ой-ақылдарымен сол дəуірде жерімізді кеңейтіп, халық санын да артырған болатын.

 
      2. ЖАНТАЛАС. Негізі кітап Тəуке ханның үздіксіз ойларынан бастау алады. Бірақ, автор сол кездері өмір сүрген, халқының қамы үшін талмай еңбек ете білетін Бұқар жырау, Бөгенбай батыр сынды кейіпкерлерді ойландыру арқылы олардың ойларына Тəуке ханға дейінгі хандардың іс-əрекеттерін айтады. Яғни, бұл трилогияда Хақназар ханнан Абылай ханға дейінгі хандықтың өмірі жазылады.
Бұл кітаптың басты саяси арқауы - Кіші жүздің Ресей империясының құрамына кіре бастауы, Тевкелеев елшілігінің маңыздылығы. Бұл кітапта да өзім жоғары бағалайтын, өмірінің соңына дейін халқының егіншілік шаруашылығына көшуін арман еткен, үш жүздің басын соңғы біріктіре білген - хан Абылай. Суық жүзі мен өткір мінезі тарихта қалған шындық. 


3. ҚАҺАР. Бұл кітапты алдағы апта да оқитын болам. Оқиғаның соңын қалай бітетінін білсем де, қазақтағы алмас қылыштардың жасаған ерліктері мен саяси шешімдерін толық білгім келеді. Мен өткен тарихымызда "алмас қылыштардың" бар болғанына, өзімнің елі үшін ерінбей еңбек ете білген батырлар мен хандардың ұрпағы екеніме қуанам.
Биік рух... Осы кітаптардан алған ерекше сезім - биік рух... Отаныма деген шексіз махаббат!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Ана мен бала жағдайы
Ана мен бала жағдайы
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Бауыржан Момышұлы келінінің кітаптары
Екі жүрек бірге қағуда
Екі жүрек бірге қағуда