Экспоға барып көрдіңіз бе?(Байқау)

Салем массагеттік достар.Менің басты мақсатым-массагетке аптасына кем дегенде бір блог салу.Қызықты əрі сапалы дүние жазу.Осы аптада Эксподан алған əсеріммен бөліспекшімін.

Ең алдымен "Нұр əлем"павильоны.Ғимарат 8 қабаттан тұрады.Əр қабатта əртүрлі энергия көрсетілген.Павильон іші көздің жауын алар ерекше əсем кейіпте.1 інші қабатта қазақтың салт-дəстүрі жаңа технологиялар арқылы  қонақтарымыздың таңданысын тудыруда.

 115 мемлекет павильонының ішінде ең қатты ұнағандары:Шри Ланка,Үндістан,Түркия,Түркіменстан.

Шри Ланка павильоны.Іші мүсін мен əшекейге толы бұл ғимарат негіз қылып өздерінің діні мен ділін алған.Бұл жерде қол өнер иелерін де кездестіруге болады.

Түркіменстан павильоны.Бұл мемлекет озық технологиялар мен өздерінің  салт -дəстүрлері арқылы келгендердің көңілінен шығуда.

Ал Германия,Ресей,Қытай секілді алпауыт мемлекеттердің ішінен заманауи технологиялардың озық үлгілерін тамашалауға болады.

Менің ең негізгі есімде қалған осы павильондар.

Экспо қызығы мен шыжығы таусылмайтын үлкен қалашық.Барсаңыз кеткіңіз келмейтін кейіпке түсесіз.Неше түрлі павильондар көздің жауын алар ғажайыпқа ие."1000рет естігенше ,1рет көр "-дейді ғой.Сондықтвн Экспоға бармасаңыз ,барып тамашалаңыз!



Бөлісу: