Мақсат қоя білу - алға бастар қадам

Мақсат қоя білу - алға бастар қадам
жеке
блог

        Құрметті Массагет порталының тағатсыз жаңа блогты күтетін тұрақты оқырмандары,Армысыздар!
Мен Ғарыштықтардың әлемі Сандуғаш боламын!
         Осы "Мақсатына Массагетпен бірге жет"байқауы басталғалы,  өзім үшін жаңа жетістікке жетудемiн...

 Жаңа мақсат, жаңа достар және ең бастысы жаңа "Ғарыш"әлемi. Осының барлығы менің ажырамас әлемiм, берiк қорғаным! Бiз байқау басталғалы "Массагет" атты желкенді қайықта, жiгерленiп, жаңа достарымызбен бipге жүзiп, 《мақсат》атты аралға бірге жетудемiз! Бұл аралға жетуге бізге капитандарымыз көмектеседі! Оларға деген алғысымыз шексіз! Сонымен қатар мақсатыма жетем деп еңбек етіп, тер төгіп алғашқы еңбекақымды алдым! Енді ақша жинап жаңа кітап сатып аламын...
         Жұмыстан келген соң жерлесім Бауыржан Момышұлының 《Москва үшін шайқас》атты кітабын оқимын...

      Оқып отырып көз алдына соғыс елестейді. Соғыстан әбден қажыған халық,  суық ауа-райы және бip-бipiне деген өшпес үміт!  Мен алда бұл кітап туралы әлiде жазатын боламын! Бейбіт өмірге шүкіршілік етейік достар!!!