Массагеттің айнасы (байқауға)

Массагеттің айнасы (байқауға)
жеке
блог

Массагеттегі айна - қайраудың әлемі!

 Массагет   елімздегі жастардың бас қосатын  ғаламтордағы желісі. Әсіресе бұрынырақ сабақ іздеген де ғана кіретін сайтың осы күні айырылмас досына айналғанына маған кім шүбә келтіре алады!? Қызық... неге бұрын тіркелмедім? Сайтқа тіркеле сала, достар тауып тез "Массагеттік" атанып кеттік. Одан қоса "Мақсатыңа массагетпен жет" байқауы менің  блогерлік шеберлігімді артқызды.  Марғұлан ағаның тобында болып, көп нәрсені үйрендік те...  Құр мақсатымыз жайлы жаза бергенше, сүйікті порталымыз жайлы неге жазбасқа!?Массагеттің маған ұнаған айдарлары, қызықты блогтары, материалдары қандай? Массагетте  кімдер белсенді?  -деген сауалдар бар... Ал мен өз-өзіме жауап берейін. Айнаның алданда емес әрине...

Жалпы сайтқа кіргенде   жаңа жазбадарды оқып шығамын да, айнаны көруге асығамын. Айна-адамның сырт әлпетін көрсететін шыны зат. Сіз айна ішінде әлем бар деген ге сенесіз бе? Жас бала деп ойлап жазды деп отырған болларсыз. Хммм... түсінікті. Менің сізге айтарым бар. Шындығында... айна ол бір әлем! Иә-иә... Оған үнсіз қарап тұрсаңыз сізге де үн демейді. Сіз жұлқынып, ашуланып һәм оған қарап күлсеңіз ол сізге бадырайып қарап тұрады. Сонда сіз бүкіл бет-бейнеңіз ашылғанына қорықпайсыз ба!? Ал айнанаң алдын да, нағыз қайратты, жігерлі өзіне сенімді, шындықтың жаршысы отырады. Шынымды айтайын ба?  Маған жігерлі адамдар қатты ұнайды! Айнаға келген адамдар яки тұлғалар  мені  бір қайраттандырып, шабыттандырып жібереді... Айгүл Иманбаева апай  қонақта болағанда, сол бейнеден ерекше көңілге қонғандары  бар... Айгүл апайдың бейнесі қандай десеңізші.... Ал жазушы ағаларымызды айтпасақ та, белгілі.

Төре сөздің түйіні: Айна шынайылықтың белгісі. Өмірдегі бетпердеңізді жоғалтсаңыз айнаға қараңыз. Сізден ол-ақиқатты талап  етеді.  Ақиқаттан қорықсаңыз, өмірді әлі сүйіп көрмегенсіз деген  сөз!  

Айна жобасын ұйымдастырған аға-әпкелерге сәттілік!  

Массагетке ұсыныс:  "Ақиқат алаңы" деген айдар ашайықшы...  жобасы дайын))) (жауап күтемін)