«Әлем барысы». Айбек Нұғымаров ширек финалға шықты

О Сансызбай Корреспондент
«Әлем барысы». Айбек Нұғымаров ширек финалға шықты

Павлодарда өтіп жатқан «Әлем барысы» додасында алғашқылардың бірі болып қазақ балуаны Айбек Нұғымаров ширек финалға шықты. Ол 1/8 финалда халықаралық турнирдегі басты фавориттердің бірі – эстон балуаны Мартин Падарды соңғы сәтте сүріндіріп кетті.

БӨЛІСУ

Айбек қарсыластың жүйкесіне тиіп, босаңсуын күтіп жүрумен белдесті. 35 жастағы қарсылас та уақытқа қарай күшін жұмсай алмады. Өз кезегін күтіп жүрген Айбек қарсыластың әдісін өзіне оңтайлы пайдаланып, ширек финалға жолдама алды. Енді отандасымыз жартылай финал үшін моңғол балуаны Давааням Алтангерелмен белдеседі.

Сурет: facebook.com