Шыдамдылық қажет екен...

Шыдамдылық қажет екен...
жеке
блог
 Жігер, қайрат, шыдамдылық пен табандылықты үйлестіре отырып еңбек ету арқасында биік белеске шығарымыз анық. Мен де алға қойған мақсаттарыма жету барысында талмай еңбектену үстіндемін.
Солардың бірі дәмді тағамдар дайындау болатын. Бұл менің сүйікті ісім болғандықтан ауырға соқпайды деп сенемін. Алғашқы жұмысымды көптен бері дайындауды армандап жүрген "вупи пай" тортын әзірлеуден бастадым.
Торттың құрамы мынадай:
   Ұн 350 грамм
   какао 100 грамм
   ерітілген май 250 грамм
   қант 210 грамм
   ванильді қант 10 грамм
   жұмыртқа 2 дана
   кофе 130 грамм
   сүт 130 грамм
   лимон шырыны 10 грамм
   қопсытқыш 8 грамм
   ас содасы 4 грамм
   тұз 2 грамм.
 Алдымен ұн мен какаоны араластырып аламыз. Ұнымыз қара түске өзгереді. Ал басқа бір ыдысқа қалған басқа қосылыстарды ретімен саламыз. Алдымен Жұмыртқа мен Қантты жақсылап араластырып аламыз. Содан кейін майды, сүтті, лимон шырынын, кофені тағы да басқаларын біртіндеп қосып сұйық қосылыс жасап аламыз. Ендігі кезекте ол сұйық қосындыны ұнмен араластырып аламыз. Сосын дайын болған қоспамызды үш бөлікке бөліп, оларды бөлек-бөлек арнайы пеште 180 градусқа 20-25 минут пісіріп аламыз. Оларпдың араларын сәндеу үшін майлылығы жоғары қаймақ пен қант ұнтағын араластырып крем жасап аламыз. ал креміміз бен нанымыз дайын. Енді оны сәндеп, әдемі әрі дәмді тортқа айналдыру өз қолыңызда.
  Тортымыз енді толығымен дайын. Ас болсын!
Тарих пәні мен тағам дайындау барысында қолданылған маңызды сөздерді ағылшын тіліне аударып, оларды жаттап алдым. Бұл әдістің пайдасы өте мол. Тура пәнаралық байланыс жасау тәсілі сияқты жүзеге асады. Жиі қолданатын сөз, терминдерді ағылшын тілінде жаттап алу ағылшын тілінде ойлану әрекетін жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ал ағылшын тілінде ойлана алу бұл тіл үйренуші үшін ең жоғарғы жетістік борлып есептеледі. Әрі осы әдіс арқылы сөздік қорды дамыту жүйесі қызықты да, жеңіл өтеді. Тек қана сөздік емес грамматиканы да дәл осындай қызықты әдістер арқылы үйренуге болады.
  Мақсатқа жету үшін талмай еңбектеніп, биік асуларды Массагетпен бірге бағындырайық!