Сөзде- мағына, істе - жетістік!(Байқау)
жеке
блог

Сөзде- мағына, істе - жетістік!(Байқау)

        Массагеттік достар,армысыздар?! Байқау аясында алдыға қойған мақсаттарыңызбен таныса отырып, біздің,бүгінгі буынның кемел болашақтың іргетасы бола алатынымызға сенімім мол. 
        «Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, 
          Үлкен арман керек екен адамға!». (М.Шаханов)

оооо
           Балаң қиял, асыл арманды бір арнада тоғыстырып, жүзеге асыру үшін оларды мақсат атты ұғымға жинақтай білген жөн. Жетістікке жетудің бір жолы- тоқтаусыз алға ұмтылу. Арманға деген құлшыныс алдыға мақсат қойып, нақты жоспар құруға итермелейді. Армандар алдамайды, ал мақсат- межесіз қалмайды! Сол межеге жетсем деген оймен,өзіме мынадай мақсат бекіттім. 

лоо

           Қазақ қызының қашан да бармағынан бал тамған аспаз, әр іске икемді, үй шаруасына ұқыпты бола отырып, қолөнершіліктен де кенде еместігі мәлім. Осы орайда, жаз мезгіліндегі бос уақытымды қолөнер бұйымдарын жасап үйренуге, үйреніп қана қоймай, тұрмыста қолдануға жарайтындай сапалы етуге жұмсаймын деп шештім.Бұл- бір. 
           Екіншіден, көлік жүргізуді үйренемін. Жол ережелерін жаттау- мақсатқа жетудегі негізгі бөлім болмақ. ддд
           Үшінші. Алдағы уақытта мектеп бітіргелі отырған түлектердің басты белесі- ҰБТ. Білімімді шыңдай түсіп, осынау сынға негізгі пәндерден дайындықты бастап та кеткенмін.Енді, массагетпен бірге таңдау пәніме,яғни, қазақ әдебиетіне жан-жақты дайындалуды көздедім.соңын Сөзде-мағына, істе- жетістік.

дщ

Ендеше, баршамызға сәттілік!