Бүркеншік атпен белгілі болған ұлылар

Бүркеншік атпен белгілі  болған ұлылар
жеке
блог

Әлеуметтік  желіде   белең  алған  «фейк»  деген  атауының  мағынасына  үңіліп  көрдіңіз бе?  Бүркеншік  атпен  белгілі  болған  ұлы  адамдар  туралы  не  білесіз? Ендеше,  мен  кітапханашы болудағы  жасаған алғашқы  қадамның  нәтежиесін  сіздермен бөліспенпін.

Автоним (грекше autos- нағыз ,opuma- есім) – бүркеншек   атпен  жазатын   автордың   шын аты-жөні.Мысалы;  Стендальдің  нағыз  есімі – Анри  Мари  Бейл,Жорж   Сандтың  автонимі – Аврора  Дюнен.Андрей  Белый – Бугаев  Борис  Николаевич. Қазақ  әдебиетінде  де  оқырманға  бүркеншік  атпен  белгілі  жазыушылар  бар. Мысалы:  Әкім  Таразидың  автонимі – Әкім  Үртайұлы  Әшімов.

Анаграмма – (грекше ana - қайта  , gramma – әріп)  - атау  сөз  ішіндегі  әріп  орнын  алмастыру  арқылы  бүркеншік  ат  жасау. Мысалы: орыс  жазушысы  Харитон  Макентиннің   Антониох  Кантемир  деген  псеводнимі  болған. Сол  сияқты  қазақ  ақындары -  М.Әлімбаев – «Мәлім»,  Н.Әлімқұлов –  «ӘН»,  Қ.Мырзалиев   –  «Мырза Әли»  деген  лақап   аттары  бар.

Ананим  – бүркеншік  аттың  бір  түрі. Құрастыру  жолы: кісі  есімі   әдеттегідей  бас  әріптен соңына  қарай  емес,соңынан  басына  қарай орналасады.

Орыс  мысалшысы  Иван  Крылов   кейбір  шығармаларын  Нави  Волырк деп   жариялаған.

Аллоним – мұндайда  өз  есімін  түгел  тастап,өзге  бір  есімді  бүтіндей  иеленіп, лақап  атқа  айналдырады. Мәселен,  Париж  Камуннасының  белгілі  ұайраткері  Паскаль  Круссе  Комунна  жеңіліске  ұшырағаннан  кейін  Жаңа  Каледонияға  жер  айдарылды  да, одан  қашып  шығып, басқа  есімге  ауысты. Ол  өзінің  ғажайып  оқиғаларын  Андре  Лори  деген атпен жариялады. Белорусь   ақыны  К.М.Мицкевичтің  туындыларына  Якоб  Колос  деп  қол  қоюының  себептерінің   бірі – ұлы  поляк  ақыны  Адам  Мицкевичпен  фамилиялас  болуы   еді. Орыс  әдебиетінде  М.Горкий – А.Пешков  деген  атпен атақты  болды.

Қазақ  әдебиетінде  де  аллонимді   қолданғандар бар:

Матай,Қаптағай – І.Жансүгіров, Мырқымбай, Малай, Жолаушы, Балықшы – Б.Майлин, Қоңыр – М.Әуезов,  Әкім  Тарази – Ә.Әшімов, Сандуғаш Адаева – Ф.Оңғарсынова.

Аноним – әдеби  шығарманың  әртүрлі  себептерге  көбінесе  саяси  жағдайға  байланысты   авторы  көрсетілмей   жариялануы. Мұндайда  бүркеншік  аты  да  көрсетілмейді. Бір кезде  Пушкиннің, Лермонтовтің,Некрасовтің  шығармалары,  Белинскийдің  сын-мақалалары  авторы  көрсетілмей  жарық көрген.

Пушкин