Мақсаттарым айқындалды...(байқау)

Мақсаттарым айқындалды...(байқау)
жеке
блог

Массагет порталының бар мақсаты-қазақ баласын тәрбиелеу, азаматтық ар-намысын ұштауға, көзі ашық көкірегі ояу болып өсуіне, тынбай еңбек етуіне тәрбиелеу, ықпал ету. Соның бір дәлелі осы- «Мақсатыңа Массагетпен бірге жет» байқауы.

Бұл байқаудың бізге берері көп. Байқауға қатысу арқылы қажырлы еңбек етіп, тәжірибе жинап жеңіске жеткім келеді.

Бұл байқауға қатысу арқылы, уақытымды текке жібермей, жазғы демалысымды пайдалы істерге жұмсамақшымын.

Осы жазғы жоспарларыма келетін болсам:

1.Қазақ халқының ертеден келе жатқан тамаша өнері-тоқыма тоқумен айналыспақшымын.

2.Кітап оқу арқылы рухани байлығымды молайтамын.

3. Әр елдің ұлттық тағамдарымен танысамын.

4. Гитараның сүйемелдеуімен ән айтып үйренемін.