Болашағым өз қолымда! (Байқау)

Болашағым өз қолымда! (Байқау)
жеке
блог

Бəріңізге сəлем!

Алдағы екі ай демалысты келесі оқу жылына дайындықпен жəне шет тілдер үйренуге жұмсағым келеді жəне осы байқау арқылы мақсаттарыма жеткім келеді. Сіздермен мақсаттарыммен бөлісе кетсем:

Біріншіден, ағылшын тілін үйрену. Ағылшын тілі əлем бойынша кеңінен қолданысқа ие болғандықтан болашақта сөзсіз қажет! Əрі халыққа қызмет көрсетер журналист үшін ағылшын тілін білудің маңызы зор! Менің бар үйренгенім мен талпынысымды алдағы блогта біле аласыздар!

Екіншіден, бес кітап оқу. Қазақ жəне əлем əдебиетіне тереңірек бойлап, түрлі жанрларды оқып көргім келеді. Кітап оқу ой өрісінді дамытады, сөздік қорынды байытады, ал бұл-болашақ журналистке ең қажеті. Кітаптардан алған əсерім мен ойларымды арнайы блогтарға жазып бөлісемін!

Үшіншіден, кəріс тілін үйрену. Болашақта Оңтүстік Кореяда оқып, тəжірибе алмасу ойымда бар əрі көп тіл білгеннен келер зиян жоқ! Оқуға болмаса да Сеул қаласын бір рет барып келу арманым сондықтан қазірден бастап дайындық үстіндемін. Нəтижесін блог, фото немесе видео арқылы көретін боласыздар!

Мақсаттарыма жету жолында барынша еңбектенемін, талпынамын! Айқын мақсат ешқашан адастырмайды! Қатысушыларға сəттілік!