Жеңіске жету үшін-қазірден мақсат қойып әрекет жаса

Жеңіске жету үшін-қазірден мақсат қойып әрекет жаса
жеке
блог


Сәлем! Менің аты-жөнім Халдарова Жұлдыз. Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туған жері Жамбыл облысының жер жәннаты-Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылында тұрамын. Авраам Линкольн: "Кім болсаң да, қандай жағдайда болсаң да-үздіктерден бол" деп айтқанындай сабақта да, спортта да біраз жетістіктерім бар. Мысалы: Павлодар қаласында өткен Джиу-джитсудан  "Қазақстан-2017" чемпионатында 1- орынды иелендім.

      Өзім бос уақытымда каратэмен, қол өнерімен ( тоқыма тоқу, бисерден әр-түрлі заттар жасау, қағаздан аққу жасау) айналысамын. Білгенімнен білмейтінім көп. Сондықтан да көп нәрселерді білсем, үйренсем екен деймін. Алдыма қойған мақсатыма жеткенше әрекет етіп, алға ұмтыламын. Ең бастысы сол армандарым орындалатынына сенемін. Өзім тәуекел еткенді ұнатамын. Егер тәуекел етіп мақсатыма жетсем, тағы да бір жетістікке қол жеткізгенім, ал жеңілсем тәжірибе жинаймын. Ақыл білімде ғана емес, іс жүзінде қолдана білуде. Өмірлік ұстанымым-алдыма қойған мақсатыма кері шегінбей, тек алға ұмтылу. Хоббиім-тіл үйрену. Ағылшын, француз, кәріс тілдеріне деген қызығушылығым өте жоғары.

Мен байқауға алғаш рет қатысып отырмын. Барлық командаларға сәттілік тілеймін! "Кемеңгер" тобы тек қана алға!Жеңіске жету үшін-қазірден мақсат қойып әрекет жаса!