Айқын мақсат - жарқын болашақ!

Айқын мақсат - жарқын болашақ!
жеке
блог

Міне, байқаудың алғашқы аптасына аяқ басып, еніп кеттім. 

Ендігі кезек мақсат қоюда. Менің мақсаттарым:

1)Қазақстан тарихы пәнінің барлық курстарын толық қайталау;

2)Ағылшын тілін білу деңгейімді көтеру;

3)Әңгіме жазу.

Бұл мақсаттарды қою себебім - мен болашақ маманмын. Нақтырақ айтсам, режиссермын. Жоғарыда аталғандардың бәрі менің жұмысыма қажет. Жақсы маман болу үшін әзірден дайындалмақпын.

Мақсаттарыма қол жеткізу үшін:

1. Қазақстан тарихы пәнінен күн сайын төрт тақырып меңгеріп, оны тестпен бекітемін.

2. Ағылшын тілін меңгеру үшін видеосабақтар қарап, үйренгенімді жазып отырамын.

3. Әңгімелерім ұзақ болғандықтан олардан үзінді ұсынамын.

Жеңіс пен жеңіліс дәйім қатар жүреді. Бірақ бәріміздің мақсытымыз - жеңіс. Дегенмен де, бірлік бар жерде - тірлік бар. Мен үшін өзімнен көрі команда жеңісі маңызды. Біз ұйымшыл болсақ, ел ертеңі жарқын болмақ!

Байқаудан өзімізге қажет "азық пен май" алуымыз керек. Мақсатқа жету - ең басты нысана!