Сиямен салынған жол

Сиямен салынған жол
жеке
блог

Сәлем, құрметті массагеттік оқырмандар!

Міне, уақыт зулап өтіп, биылғы жылдың да "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет!" байқауы басталды. 

Өздеріңіз білетіндей, мен Массагет.кз сайтының блогері Ақниет Жаманқұлмын. Өмірлік ұстанымым - "Тек қана алға!" Еліктейтін тұлғам жазушы Сәбит Мұқанов және белгілі Голливуд жұлдызы актриса, режиссер Анджелина Джоли. Хоббиім - әуен тыңдау, серуендеу және әсерлі әңгіме жазу. Өмірімді сиямен тікелей байланыстырамын. Жазу - менің сүйікті ісім. Бос уақытымда серуендегенді ұнатамын және уақытымды жақындарыма арнаймын. 

Байқауға өзіме талап қоя отырып, жетістікке жету үшін қатысқым келді. Алдағы уақытта Массагет порталы ерекше басқосулар мен шаралар ұйымдастырғанын қалаймын. 

Байқау өткен жылы өте қызықты әрі қарқынды болды. Биыл да соны күтемін.