Астанада әлеуметтік кәсіпкерлік туралы конференция өтеді

Астанада әлеуметтік кәсіпкерлік туралы конференция өтеді

Биылғы жылдың 22 қазанында Астана қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Болашақ» Қауымдастығы әлеуметтік кәсіпкерлік жөніндегі конференция өткізеді. 

Конференцияның мақсаты – қоғамның өзекті мәселелерінің бизнес шешімі ретінде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту.

Спикерлер:

  • Салтанат Мурзалинова-Яковлева – «Навстречу переменам» қамқоршылық қорының өңірлік менеджері;
  • Нұркен Халықберген – «Central Asia Communications» PR-агенттігінің басқарушы әріптесі;
  • Гүлзира Амантұрлина – Әлеуметтік кәсіпкерлер қауымдастығының президенті, «Болашақ» бағдарламасының түлегі;
  • Талғат Доскенов – ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы;
  • Гүлнар Адамова – «Әлеуметтік инновациялар» ӘКО БҚ Төрағасының орынбасары;  
  • Қуаныш Тайшыбеков – Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту орталығының вице-президенті, «Болашақ» бағдарламасының түлегі.  


Конференция шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлікті қоғамның әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының және Қазақстанда инновациялар үшін қалыпты орта құрудың базистік негізі ретінде жалпыға тарату бойынша мәселелерді талқылау, әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша жобалардың қазақстандық және халықаралық тәжірибесін, Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту перспективаларын және т.б. талқылау жоспарланып отыр.

Күні және уақыты: 22 қазан 2014 жыл, 10.00-ден 16.10-ға дейін. Орны және мекенжайы: Астана қ., Қонаев к-сі 12/1, 4-қабат, №406 конференц-зал. Іс-шараға міндетті түрді тіркелу қажет. Оны МҰНДА немесе +7 (7172) 707 669, +7 775 225 19 07 телефондары арқылы жасауға болады, байланыс тұлғасы - Ләйлә Қабпасова.  «Әлеуметтік кәсіпкерлік» конференциясының бағдарламасы. 

Ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Болашақ» қауымдастығы, «Навстречу переменам» халықаралық қамқоршылық қоры.

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: refina.ru, Didar Tebayev

М. Оңғарова