Өмір – өзен, уақыт – толқын (Байқау)

Өмір – өзен, уақыт – толқын (Байқау)
жеке
блог

       Армысыздар, қадірлі Massaget.kz   сайтының тұрақты оқырмандары! Мен "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауының қатысушысы, Әсел Асанова жетекшілік ететін  "Кемеңгер" тобының мүшесімін. Есімім – Әсел. Бүгінгі күнге дейін талай армандарымды мақсатыма айналдырып, мақсатқа жету жолында нақты жоспар құрып талай шыңды бағындырып келемін.  Өмірдегі өзгерістерге, қиылыстар мен бұрылыстарға көп кезіксем де құлаған емеспін. Себеп біреу. Ол айқын мақсатым. Мақсатқа құрылған жоспарым. Өзіме деген сенімділігім деп білемін. Сонымен, өзім туралы...

       Менің өмірге деген көзқарасым қандай? Бұл өмірде қанша адам бар болса, сонша бас және сонша пікір бар. Ал менің өмір туралы ойым мынадай.

    Өмір - уақытқа ғана бағынады. Демек, уақытты тиімді пайдаланған әр  адам өмірдегі орнын табады. Өмірде сан оқиғалар болады. Оны әрқашан сараптап, бағамдап, сабақ алу керек. Өмірді дұрыс сүру үшін -қоршаған ортамен толық түсінісе білу керек. Таза ауамен тыныстай отырып жан дүниені шынықтыру керек.  

         Өмірлік ұстанымым: " Үміт ең  соңында өшеді. Үмітсіз- шайтан" . Жарқ еткен үміт ұшқыны алауласа мәңгі сөнбес жарық берері анық. Сол үшін алдағы күндеріңізге үмітпен қараңыз...

        Өмірлік мақсатым - өзім еліктейтін тұлғалармен бір күндері теке тіресіп жарысу. Бұл жарыста жеңіліс тапсам да сол күн мен үшін жеңіс.Дәл сол күннің туарына мен кәміл сенемін.

     "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауына қатысудағы басты мақсатым. Жазғы демалыс уақытында жалқаулық басып, ағылшын тілін үйрену екінші орынға түсіп қалғандай. Мұғалімнің қарауында болмасам да сіздердің қадағалауларыңызда тіл үйреніп алсам деймін. Дәл қазір құрған жоспарым дайын. Алдағы уақытта сол жоспармен іс-әрекет жасайтын боламын.                                                                                         

Менде бос уақыт көп бола бермейді

          Үй шаруасына қолғабыс ету, сабаққа дайындалу, мектептегі қосымша жұмыстар.

                Фотоапаратымды қолыма алып туған жердің әсем табиғаты суретке түсіру.

 Көзбен көркенімді әсерлі етіп сөзбен жеткізіп, блог жазу.

          Сен осы неге қарапайым сөйлеспейсің бізбен?- деген сұрақты жиі естимін.  Бірақ, оқығанымды түсініп, жаттап, өмірде қолданып жүргеннің несі жаман?   "Бұл өмірде сөз түсінбеген наданнан күнде жеңілемін"- деген Абай атамыздың мына сөзі менің мәңгі жүрегімде.  Ал, наданнан жеңілу мен үшін биік құздан құлап өлгенмен тең.  Сондықтан, айтылған сөзді құлағына ілмейтін адамдарға сөз шығындап , уақыт кетірмеймін.

       Құрметті оқырман, жоспарсыз мақсаттың орындалмасы белгілі. Сондықтан, өз мақсатыма Массагетпен бірге жетуді көздеп осы байқауға қатысып отырмын. 

 Барлық қатысушыларға сәттілік!