Уақытым жоқ дейтіндерге

Уақытым жоқ дейтіндерге
жеке
блог

Алақаныңдағы бір уыс топырақ секілді уақыттың зымырап өтіп кететіндігін айқын.Ұғыну мен ойды іске асыру бір бөлек. Кешкісін ойластырған жоспарды таңертең орындауға ерінеміз. Оған себеп көп. Себеп емес-ау, сылтау көп. Сылтаудың жетегінде кететін адамдар да баршылық. Ұзынсонар жұмыс күнінен кейін, қолымызды байлайтын ұялы телефондағы жылдам интернет уақыт атаулысының қас жауы. Ерік-жігеріміздің аздығының тағы бір дәлелі: "Қазір бір-екі минут тұра тұршы", "Пәленшенің тойы болады екен", "Мынаның пікіріне келсіпеймін, бір-екі сөзбен жазба жазып жіберейін" т.б. сынды бітпейтін сөздер. Телефоннан ажырап, бір сәт жанымыздан байқалмай өтіп жатқан уақытқа неге мән бермейміз? Жаман әдеттерді бетке баса беруден гөрі одан құтылудың жолдарын жазсам:

1. Жұмыстан келе сала я кез-келген іске кіріспес бұрын салқын душқа түсіңіз. Мұндай тәсіл сізге сергектік, құлшыныс пен сенімділік сыйлайды.

2.Телефоныңыздағы ойын, қажетсіз бағдарламалардың барлығын өшіріп тастаңыз. Бұл тәуелділіктен құтқарады.

3.Ұйықтағанда міндетті түрде өшіріп қойыңыз. Егер таңертең оятқыш қызметін атқаратын болса, жай ғана үстел сағатын сатып алыңыз.

4.Тоқтаусыз хабарламалар көңіліңізді бөле берсе, дыбыссыз режимге қойып, жоғары сөре үстінде қалдырыңыз.

5.Түрлі түсті қаламмен бір күндік жоспарыңызды жазып, жанына сізге мотивация боларлық суретті іліп қойыңыз. (Мәселен, сатып алғыңыз келетін үй, көлік т.б. немесе сізге сенім артып отырған ата-анаңыздың суреті)

6.Кезекте тұрғанда, біреуді күткен кезде телефонды шұқылап тұрудан гөрі іштей 1-100-ге дейін санап я өлең оқып тұрыңыз. Бұл сабырлыққа жетелейді.

 

7.Технологиялық құрылғылардың құрбаны болған зағип жандар туралы видео көріңіз. Бұл сізді денсаулығыңызға бей-жай қарамауға үйретеді.