Талаптыға - нұр жауар

Талаптыға -  нұр жауар
жеке
блог

11- сыныпты бітіріп, ойлары жан-жаққа шашылып жүрген болашақ мектеп түлектерінің құлақтарына алтын сырға.Мен өзім білім алып жатқан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін ұсынамын.

Әсіресе, Журналистика факультеті "Қоғаммен  байланыс" мамандығы сіздерге жаңа мүкіндіктер ұсынады.Жоғары оқу орнында біліп ала жүріп,әлемге көз тастап,заманымыздың аса маңызды проблемаларын ой елегінен өткізу сіз үшінде біз үшінде маңызды.

Мектеп түлектері ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасында төрт жылдық білім ала отырып, болашақта менеджмент, маркетинг, мәдениаралық коммуникация, ақпараттық технологиялар, экономика салалары бойынша сонымен қатар дизайн кинематография, әдебиет саласында білікті маман болып шыға алады.

Білім алу барысында студенттердің шығармашылыққа ұмтылысы, белсенді түрде атсалысуы,командада жұмыс істей білуі, ізденгіштік пен кәсіби тұлғалық қасиеттері сараланады.

Оқуға түсуі үшін үміткерлер алдымен Бірыңғай Тестілеуден өтуі керек.Содан кейін шығармашылық байқау арқылы білімдеріңізді сынап, оқуға түсе аласыз.

Толық ақпарат www.kaznu.kz/www.jurfak.kz  сайтынан біле аласыздар