"Мен өмірді қалаймын!"

"Мен өмірді қалаймын!"
жеке
блог

                                                                     «ҚЫЗЫЛОРДА  ОІІД  ЕБҚКБ  ТАРАПЫНАН ЖАРИЯЛАНҒАН САЙЫСҚА»

  Ұраны: Есірткісіз болашақты қолдайық,

              Одан әркез бойымызды қорғайық!!!

 

                                 «Мен өмірді қалаймын!»

           Есірткі деген тақырып қозғалса, әдетте адамдардың ойына есірткі, соны пайдаланатын нашақор адам түседі. Ал, менің ойыма ең басты мәселе біздің болашақ өміріміз түседі. Біздің болашағымыз қандай болады екен? Біз келесі буынға не қалдыра аламыз? Ата-бабаларымыздың шелектеп төккен қанының, терінің арқасында бізге жеткізген елін, жерін біз келесі ұрпаққа жеткізе аламыз ба? Егер жеткізсек, қандай күйде? Міне, осы сияқты көптеген мың сұрақтар маған маза бермей ойландырады. Осы сұрақтың шешімін тапқым келеді. Менің өмірге, қоғамға қызығушылығым өте жоғары. Сондықтан, мен өмірді қалаймын!

          Ата-бабаларымыз аманат етіп қалдырған жерді, аманатқа қиянат жасамай келесі өскелең ұрпаққа жеткізу – біздің парызымыз!  Оны жеткізу үшін біз өмір сүруді шын ниетімізбен қалауымыз қажет. Ал, мына заманда «менің өмір сүргім келмейді» деп айтуды өте қате пікір деп есептеймін.

          ХХІ ғасырды мен ғажайып ғасыр деп ойлаймын. Мен үшін бұл ғасыр нағыз «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» ғасыр сияқты көрінеді. Ешқандай уайым-қайғымыз жоқ, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк. Сонда біз өмір сүруге құлшынбағанда, кім құлшынуы керек?

          Кейбір адамдарды мүлде түсіне алмаймын. Жаратқан иеміз он екі мүшесін сау қылып берсе, оны есірткі сияқты зиянды заттармен улап, өмірінің  тас-талқанын шығарып жатады.  Ал, керісінше, шыныменде, мына өмірді сүйіп, өмірге құштар жандардың бір мүшесін кем қылып жаратады.

          Мысалы, мен қоғамда өзіндік орнын қалыптастырған аустриялық кәсіби мотивациялық оратор, ақын, ағартушы, жазушы, философ, композитор, саяси қайраткер Ник Вуйчичті үлгі қылып айтар едім. Ол сирек кездесетін синдром тетраамелия деп аталатын ауру түрімен туған. Ол екі қолы және екі аяғы жоқ болғанына қарамастан дені сау бала болып өмір есігін ашқан.  Он жасқа толған кезінде сыныптастары  тарапынан көрген қорлыққа шыдамай суға батып өлмек те болды.  Алайда оны жақындарының  қандай азап тартатыны туралы ой тоқтатқан екен. Ол физикалық тұрғыдан шектеуліктеріне қарамастан скейтборд, гольф сынды спорттық ойындармен айналысқан. Есепші және қаржыгер мамандықтары бойынша екі жоғарғы оқу орнын тәмамдаған. Балалар алдында өз өмірі туралы айтып, жастарды өмірді сүюге тәрбиелеген. Ол аяқ жағындағы кішкене саусақтары  көмегімен компьютерде 1 минут ішінде 43 сөз теру арқылы өзінің өмірі және мүгедек жандардың жағдайы туралы «Жизнь без границ» деген бірнеше кітаптар жазған. Бүгінде Ник Вуйчич «Attitude Is Altitude» деген қоғамдық маңызы бар мәселелерді көтеретін компанияның президенті. Сонымен қатар бүгінгі таңда әлемнің 5 құрлығы мен 70-тен астам елдерін аралап, көптеген мектептер мен университеттерінде өнер көрсетіп, көптеген адамдардың жүрегіне үміт отын ұялата білген. Ник Вуйчич – өмір мәнін түсінуге түрткі болған атақты тұлға. Ол ештеңеден де кем қалған емес. Өмірінің басты байлығы әкесі, анасы, жұбайы және ұлы бар. Ол қанша мүгедек болғанымен , өмір сүруді шын ниетімен қалады.

         Тағдыры ауыр тұлғалар басқа елдерде де, біздің елімізде де өте көп. Алайда, олардың барлығы дерлік өмір сүруді қалайды. Қанша жыл, қанша ай, қанша сағат демі қалғанын білмесе де, олар мына өмірдегі зиянды есірткіге , маскүнемдікке, темекіге тәуелді болмай, әрбір секундын бағалап өткізуде. Ал, бізше, біздің сол адамдармен салыстырғанда, деніміз сау емес пе?! Сол зиянды есірткіге жолап кетсек, одан құтылуымыз екі талай. Сондықтан, бойымызды есірткіден аулақ ұстап, аз ғана ғұмырымызды мәнді де сәнді өткізейік! Өмір деген қамшының сабындай қысқа, соны ескерейік!

Өмір-өзен өтіп жатыр бір леппен,

Балалық шақ , бақытты шақ құрметпен.

Біз балалар уайым жоқ, қайғы жоқ,

Оқып жүрміз білім алып  мектептен.

 

Есірткіге жоламасын ешкім де,

Денсаулықты сақтау парыз әркімге.

Осы бастан үйренейік о достар

Салауатты ғажайып өмір сүруге!

 

                                                       Абдусахина Жанат Аманкелдиевна

                                                       Байқоңыр қаласы №273 орта мектептің

                            10 «Ә» сынып оқушысы