Ширек ғасырдың бестен бір бөлігі

Ширек ғасырдың бестен бір бөлігі
жеке
блог

Әлемнің шексіздігі мен  сұлулығына жететін не бар деп ойлайсыз!? Әлемге жалпы қызығасыз ба?! Өз әлеміңе, спорт әлеміне, сұлулық әлеміне, білімді ұрпақ әлеміне,  махаббат әлеміне, әлде осының бәрі кіретін кеңес пен психология әлеміне ме?  Міне осының бәрін бір бөлімге кіргізе білген  көмекті аямайтын ғаламтордағы керемет портал – Массагет. Керек кеңес бере отырып,  өз әлеміңді дұрыс жаққа баулитын «Массагет» порталына биыл 5 жыл толмақ.  Шығар  шыңы биік Массагеттің  бүгінде мыңдаған адамның досы, сырласы болғаны рас! Алар асуы алда «Массагет» порталын биылғы 5 жылдығымен құттықтай отырып  ғұмырының ұзақ болғанын  тілейміз!

Жастық-жалын жігерлерді баптаған,

Әділдікпен өнерлерді  жақтаған,

Үйрете білген жету жолын мақсатқа,

Массагетім өзіңменен мақтанам!

 

Керек кеңес бере білген халыққа,

Сәнқойлықты үйрете білген аруға,

Бозбаланы дұрыс жолға апарар,

Жатталған ғой қаншамаса санаға.

 

Массагетім мақтан етем  өзіңді,

Ұмытпастай керек кеңес сөзіңді,

Арналады тек өзіңе өлеңім,

Ғажайыптан  туындаған  туынды!