Бірлік түбі-береке (ертегі)
жеке
блог

Бірлік түбі-береке (ертегі)

Ерте, ерте ертеде қалың орман,  ну жерде  Ару атты ханшайым өмір сүріпті. Қиылған қас, ұзын кірпік, шашы жерге жетеді екен. Оның екі бауыры, ата-анасы бар екен. Бір күні әкесі және екі  бауыры аң аулап жүргенде бір қасқырды ұстап алады.  Сол кезде қасқыр аңшыларға былай дейді

Әкесі, бауырлары мені сіздер жіберіңіздер. Әйтпесе  сіздің қызыңызды 14 жасында сиқыршы алып кетеді.  Ал мені дәл қазір жіберсеңіздер мен сіздерге оны қалай құтқару керек екенін айтамын. Сонымен қатар 14 жасында емес  16 жасында алып құтқаруға көмектесемін,-дейді. Сол кезде әкесі  оны жібере салады. 

-Зұлым сиқыршы, Арудың сұлулығын қызғанады. Сіздерден 16 жаста алып кетеді. Сол кезде екі бауыры ғана құтқара алады. Ары қара өзім көмектесемін, -дейді қасқыр

Бауырлары мен әкесі уайымдайды.  Оны анасына барлығына айтады. Ақырында  Ару  16 жасқа келеді. Оны зұлым сиқыршы алып  кетеді. Бауырлары оның ізінен түседі.  Жүріп келе жатса алдарынан ақ қасқыр шығады.  Ақ қасқыр бауырларына :

-Мен сендерге көмектесемін, бірақ  сендер бір сұраққа жауап беріңдер! Менің, жасыратын мақаламның  жартысын тауып алыңдар.

-Ия, ол  қандай ?!

- Бірлік түбі ----- ары қарай білмедім. Осы мақалды жалғастысаңдар сиқырлы есік ашылып  әпкелеріңді жібереді

Бауырлары көп ойланады. Сол кезде кенже бауырының Ару әпкесі  айтқан сөзі есіне түседі. «Егер сендер бір-біріңді сыйласаңдар , береке  үйіңе толады» -деген болатын. Кенже бауыры:

-Бірлік түбі-береке –дейді. Сол кезде сиқырлы есік ашылып ішінен ханшайым шығады. Ал ақ қасқыр ханзадаға айналады.  Бауырлары  қуанып, ханадағы ризашылығын білдіреді. Ал ханзада:

-Жоқ, сендер маған емес менің сендерге алғысым шексіз. Бұл зұлым сиқыршы меніде 16 жасымда алып кеткен. Міне, енді 16 жасқа толатын барлық ханшайым, ханзадаларды алып кете алмайды дейді

Ханшайым мен бауырлары, ханзада  үйіне қайтып бақытты да берекелі өмір сүреді.