Массагетпен қаламым ұшталады

Массагетпен қаламым ұшталады
жеке
блог

Сəлем, ардақты ағайын, Массагет сайтының оқырмандары!

Кеше ғана басталған жазғы демалысым зырлап өте шықты. Демалыс талай қызықтарға толы болды. Əсіресе, соңғы апталар қызықты өтті. Демалысымның қызықты, пайдалы болуына "Массагет.кз" сайты да аз үлесін қосқан жоқ. 

"Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауы арқылы талай жетістікке қол жеткіздім. Жаңа достар таптым. Болашақ əріптестеріммен таныс болдым. Массагет сайтындағы, нақты айтқанда, журналистік жолдағы алғашқы ұстазым Əсел Асановадан талай нəрсе үйрендім. Өзімнің тіл байлығымды арттырдым, оралымды тілде мағыналы мақала жазуды үйрендім. Осыған дейін мүлде ойланып көрмеген, хабарсыз болған, басқаларға қиын əрі түсініксіз көрінетін төте жазуды меңгердім.

Өз мақсаттарымды 97 пайызға орындадым десем, қателеспеймін.
Байқаудың жақсы жақтарын айта берсек, көп. Ал жаман жақтары мен үшін болған жоқ. 
Бұл менің өмірімдегі ойып тұрып орын алатындай керемет байқау болды. Сол үшін де мен "Массагет.кз" сайты ұйымына, Əсел апайыма үлкен алғысымды білдіремін.