Ән шырқайық! (арнайы тапсырма)

Ән шырқайық! (арнайы тапсырма)
жеке
блог

Сәлеметсіздер ме?!  Байқауға байланысты, маған The Beatles тобының Yesterday әнін жаттап, видеоға түсіру берілген. Менің әнді қалай жаттағанымды, әнді айтқанымды видеодан көре аласыздар. Тамашалаңыздар!



The Beatles тобы жайлы қысқаша мәлімет:

The Beatles —Ливерпуль (Англия) қаласында 1960 жылы құрылған британ-ағылшын рок тобы болған. Музыка тарихында ең сәтті әрі сыншылардың тарапынан ең қадірленген топтардың бірі. 1962 жылдан бастап Битлз құрамына Джон Леннон (гитара, ән), Пол Маккартни (бас-гитара, ән), Джордж Харрисон (соло-гитара, ән) және Ринго Старр (соқпалы аспап, ән) кірген. Және мұнда әр түрлі кезеңдерде Пит бест,Стюарт Сатклифф мен Джимми Никол өнер көрсеткен.Скифл және рок'н'ролл-дан бастап, олар кейін әр түрлі жанрларды сынап көрген. Битлз тобының атағы мен мәртебесі "Битломания" феномені ретінде жаппай еліктенді. The Beatles композициялары Джон Леннон және Пол Маккартнидің ортақ қаламдарынан туған. Топтың тіршілік кезінде мүшелері өлен шығару қабілеттерін өте жоғары деңгейіне дамыған. Олардың ән қоржындарында 1963-1970 жылдары жарық көрген 13 альбом,211 әндері бар. Битлз тобының ықпалы бүкіл әлемде әрі Кеңес үкімет кезіндегі Қазақстанымызда да байқалды.