Дәуірлей бер,көркейе бер-Массагет!(арнайы тапсырма)

Дәуірлей бер,көркейе бер-Массагет!(арнайы тапсырма)
жеке
блог

Барша қазақ жұртың өзінің өзгеше бір ойға қонымды,тәлімі мол,берері көп белсенді порталдың бірі "Массагет" 2016 жылдың 16желтоқсанында  5 жасқа толмақ.Массагетке қалтқысыз қызмет жасайтын аға-әпкелерім мен білмейтін небір қызықты дүниелермен таныстырды.Ғылыми салалардың әр қырынан танытты.Әрдайым небір қызықты байқаулар ұйымдастырып,оқырмандарының көңілдерінен шыға білді.Осы жолы да"Мақсатыңа Массагетпен бірге жет"атты оқушылардың жазғы демалыстарын пайдалы өткізу мақсатында ұйымдастырған болатын.Міне,бұл байқауда өз мәресіне жетті.Мен өлең шығару жағынан осалмын.Бірақта Массагет маған сенуді үйреткендіктен өзіме сеніп,Массагетіме арнап жылы лебізімді арнамақпын.

Көңілінен шыға білген көпшіліктің,

Ықыласқа бөленген  жұртшылықтың

Талай жанды өзіне баурап алған

Толды міне "Массагет" 5-ақ жасқа

Массагетім-серігім,адал достым

Өмір жолын,көңіл сырын байқаттың өзің маған.

Әр күн сайын жаңалықпен бөлісіп,

Көзімді ашып,көкейімді ояттың

Массагеттің адалдығы ұнады мына маған,

Әділдікпен шыншылдығын ұстанған,

Білімдігі,тапқырлығы ұшталып,

Массагет жазды өзгеше бір мақала

Білгендерге Массагет-дара,ол-ұжым.

Қазағымның белсендісі атанған

Мәңгі жаса сырға толы,ойға толы "МАССАГЕТ"