"Nissan" Чемпиондар Лигасының ресми демеушісі атанды

Ла Лига Корреспондент
"Nissan" Чемпиондар Лигасының ресми демеушісі атанды

УЕФА көлік өндіруші "Nissan" компаниясымен келісімге отырғанын жариялады, деп хабарлайды қауымдастықтың ресми сайты. 

БӨЛІСУ

Жапондық көлік өндіруші компания 2014-2015 маусымнан бастап Чемпиондар Лигасының демеушісі атанбақ. Келісім 3 жылға жасалған. Қаржылық жағы мәлім болмай отыр. 

Естеріңізге сала кетсек, ертеректе Чемпиондар Лигасының ресми демеушісі америкалық "Ford" компаниясы болатын.

«"Nissan" компаниясының келесі маусымнан бастап Чемпиондар Лигасының ресми әріптесі болатынына біз өте қуаныштымыз», – дейді "UEFA Events SA" орталығының маркетинг саласындағы директоры Гай-Лорен Эпштейн.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: uefa.org