Моншақтан жасалған бұйымдар. (Байқау)
жеке
блог

Моншақтан жасалған бұйымдар. (Байқау)

Сәлеметсіздер ме?! Мен осыдан 1-2 жыл бұрын жасаған бұйымдарымның кейбіреулерінің суреттерін сіздерге ұсынайын деген едім.  Ал ендеше, тамашалаңыздар! 

Бұл- сабын салғыш

Бұл кәмпит салатын )))

Міне, әзірге осы суреттер ғана бар. Негізі мен өте көп заттар жасағанмын. Мысалы, гүлдер, вазалар, салфетка салғыш, кішкентай құлпынайлар,алма, алмұрт, балықтар, күшік, мысық, балапан, қой дегендердің моншақпен жасалған үлгісі, және де, шәйнектің астына қоятын зат, білезіктер, жүрекшелер, сурет салатын әдемі рамкалар, кәмпит салғыштың түрлі үлгілері, жүрек қорапша, және басқа түрлі де қорапшалар, тағы да айта берсе өте көп еді. Бұлардың бәрін жасаған сәтімде-ақ суретке түсіріп жүргенімде ғой , қазір сіздерге бәрін көрсетуші едім =( Ал қазір, бұларды туысқандарыма сыйлыққа бергенмін, ал кейбіреулерін сатып жібергенмін.

Мен бұл қолөнер түрін мектепте үйрендім. Ең алғаш үйренгенім салфетка салғыш болды. Басында маған қиын сияқты болып көрінген еді, бірақ, үйрене келе оп-оңай екенін түсіндім. Өзім үйреніп алған соң, жазда сіңілдеріме үйреттім. Сіңілдеріммен бірге осындай заттардың неше түрлісін жасадық. Біреудің туған күні болса, бқл заттың біреуін сыйлыққа бердік, ал кейбіреулеріне саттық. Тіпті, өзіміздің жеке кішігірім бизнесіміз болды десек те болады ) . Маған осы заттардың арасынан ең қатты ұнайтыны ваза. Вазаға гүлдерді жасап, салып қойсаңыз, тіптен әдемі көрінеді. Мен сол кезде 8-ші Наурыз мерекесінде өте көп гүлдер жасадым да, әпке- тәтелеріме, сіңлілеріме, мамама, әжеме сыйлыққа бердім. Олар риза болды )

Міне, менің жасаған заттарым осылар. Егер ұнаған болса, лайк басып, пікір жазуды ұмытпағайсыздар =)