Жазғы демалыстағы-мақсат

Жазғы  демалыстағы-мақсат
жеке
блог

Қайырлы күн, құрметті Массагеттік оқырмандарым! Жаз айы. Ал жаз айында демалу керек. Мен осы жаз айында массагетпен бірге көп нәрсе тындырдым. Мен осы айда "Балдаурен" демалыс орталығында қызық күндер өткіздім. Жаңа достар тапсам, өлеңдер жаттадым. Мақсатымның бірі суреттер салу болған. Біз лагерде достарымызбен мектеп алдына сурет салдық. Бұл менің мақсатыма бір қадам. Сіздерге сол суреттерім мен тақпақтарымды ұсынсамба деймін.

1.Қызық біздің аулада,

Алуан ойын ойнаймыз.

Астық тасып қамбаға, 

Сабан тойын тойлаймыз!

2. Асыр салып ойнаймыз,

Ән шырқаймыз, билейміз.

Үлкендерді сыйлаймыз,

Тентектерді сүймейміз.