Атақты тенор Марсело Альварес «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетпек

Атақты тенор Марсело Альварес «Астана Опера» сахнасында өнер көрсетпек

Опера өнерінің италиялық майталмандары - Марсело Альварес (Каварадосси), Анна Пироцци (Тоска), Альберто Мастромарино (Скарпия) 9, 11, 12 мамырда «Астана Опера» сахнасында Дж. Пуччинидің «Тоска» операсының тұсаукесеріне қатысады. Аталған үштік әлемдік опера сахналарында жоғары сұранысқа ие, өлеңді мәнеріне келтіріп орындаудың шеберлері, елінің мақтаныштары. «Тоска» операсын атақты режиссер Лука Ронкони ұсынып отыр. Оның әр туындысы театр әлемінде айтулы оқиғаға айналады. Дирижері - Даниель Орен.

Бір ғасырдан астам уақыт бұрын дүниеге келген бұл туынды әлемдік репертуарларда жиі орындалатын үздік опералардың бірі. Аталған музыкалық шығарманың әуені көптеген кинофильмдерде қолданғандықтан, кеңінен таралып, көпшілікке танымал болды, себебі оның желісі операдағыдай драматизмге, сатқындыққа, өлім жазасының көріністеріне толы.

Маргерита Палли жасаған декорация өткен жүзжылдықтың тарихи оқиғасы - Наполеон басқарған француз әскерінің 1800 жылы Италияға басып кірген кезін суреттейді. Вера Марзудың нобайымен әзірленген кәстөмдердің нақышы да оқиғаны анық бейнелейді.

Қоюшы режиссер басты назарды адамның құштарлығына, нақтырақ айтқанда саяси оқиғаларға ілігіп, озбырлықтың, азаптың, өлім жазасының құрбанына айналып, тағдыр тәлкегіне түскен ғашықтар - суретші Каварадосси мен әнші Тоска жайлы оқиғаға аударады.

Опера желісі тарихи негізі бар бүгінгінің триллерін еске түсіреді. Италиялық әнші әрі  патриот Тоска өз өміріне өзі балта шабады, осы тұста режиссер кейіпкерінің өлімі арқылы да оның әсем әрі асқақ рухын көрсете алды.

Сурет: www.thetimes.co.uk

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina