Тарихым менің тереңде

Тарихым менің тереңде
жеке
блог

«Ештен кеш жақсы», - дейді  дана халқымыз. Менің блогтарым кешігіп жүргеніне кешірім сұраймын.  Әңгімені көп созбай осы аптадағы нәтижемді жариялайын. 

1.     Ағылшын тілі бойынша осы аптада  9, 10, 11, 12 сабақтарды аяқтадым. Көптеген жаңа сөздер үйреніп,  білімімді пысықтадым. Жазған конспектілерімді төмендегі  видеодан көре аласыздар.

2.  Менің алға қойған мақсаттарымның бірі тарих пәні болатын. Ойлана келіп алдымен өз елімнің өз жерімнің тарихын ұғынып, сіздермен бөліскенді жөн санадым. 

       Алғашқы блогымда айтқанымдай менің туып өскен жерім – саялы Сарыағаш өлкесі. 

 Сарыағаш – Оңтүстік  Қазақстан  облысы, Шымкент  қаласынан  110  км  жерде, Келес   Құркелес  өзендерінің  алабында  орналасқан.

 Жерінің  аумағы – 7,7 мың  шаршы  шақырым.

 Іргесі 1870 жылы  қаланған  болса, 1904-1905  жылдардан  бастап   Сарыағаш  деп  аталған.

Саялы   Сарыағаш  өлкесінің  пайда  болуы  жайлы   нақты  мәліметтер  жоқ.

 Алайда  бірнеше   аңыздар  бар. Соларға  тоқтала  кетсем:

 Бір  аңызда  осы   жерде  Сарғыш  тартып  тұратын  ағаш  болған. Адамдар  осы   ағаштың  көлңкесіне  отырып  айырбас  сауда   жасасқан. Осы   ағашқа  байланысты   Сарыағаш  деп   аталған   деген  аңыз  бар.

Ал  кейбір  жорамалда  ертеде  басқыншылықтан  қашып  жеткен  ел  әулиесі  Аққұс  Құдайдан  өзеннен аман өтуді  тілепті, сол  кезде  бір   өсіп  тұрған  ағаштың  көлеңкесі  түскен  жерге  Келес  өзені  айналып  ағып  өткел  берген  деседі. Ағаштың  көлеңкесі   екінші  түскен  жерінде өзен  тағы  бір  бұрыла   ағыпты. Осы  жер  көпір  сияқты   болып  кеткен.  Қария  тілегі  қабыл  болғасын  шексіз  қуанып  былай  депті:

 О, Құдірет, бәйтеректер  мекені,

 Сарыағаш  даңқың  әлемге  тарап  кетеді.

 Айналдым  сенен  Сарыағаш! – деген  екен.

 Сарыағаш  атауы   осыдан  шығуы  да  мүмкін.

 Қазірде  Сарыағаш  Қазақстанға   шипажайларымен  танымал. Шипажайлар: асқазан, зат  алмасу, жүйке  жүйесі   сырқаттарын  емдейді.


 Сонымен  қатар  Сарыағаш   минералды  суымен  де   танымал болып   келеді. Олар: «Алекс» ЖШС, «Әсем- ай» ЖШС, «Курорт-Барс-2030» ЖШС және т.б