Бəліш жасай білесіз бе? (Байқау)
жеке
блог

Бəліш жасай білесіз бе? (Байқау)

Бәріне жалынды сәлем! Бүгінгі блгымда сіздермен тіл үйірер, тойымды, оңай, лезде дайын болатын, құрамын өзім ойлап тапқан, ең бастысы - махаббатпен жасалған бәліштің жасалу жолымен бөлісетін боламын. Бұлай жасау ойымда болмаған еді, алайда көптен бері өзгеше тағам жасамағандықтан үйдегілерді жаңа тағам түрімен қуантқым келді. Барынша дәмі үйлеседі деген тағамдарды қосып, піскенше уайым қылып, "дәмі қалай шықты екен", "нашар шықса нестеймін" деген сияқты ойларға шырмалып қалдым. Алайда бақытыма орай өте, өте дәмді шықты. Бәрі тамсана дәм татқан осы бәліш қалай жасалады? Ендіше қабыл алыңыздар!

 Қамырының құрамына:

 қант

тұз

күнбағыс майы

ұн;

Қоспасының құрамы:

4 қызанақ

2 болгар бұрышы

майонез

4 картоп

кетчуп

3 тісше сарымсақ

тұз

бұрыш.
 
Алдымен қамырын жазып аламыз да, табаны майлап, қамарды суреттегідей етіп саламыз.
Үстіне қызанақты тураймыз.
Кейін болгар бұрышын турап, майонез құямыз.
 
Картопты тазалап, дөңгелектеп турап, бетін жауып тұратындай қылып орналастырамыз.
Соңында бетіне соус құямыз. Ол үшін кетчупты, сарымсақты, бір қызанақты, тұзды, бұрышты араластырау қажет. Соус құйғаннан кейін бетін әдемілеп, суреттегідей жабамыз.
 
Өз пешіңіздің ыңғайына қарай, орташа температурада дайын болғанша қоямыз. Астарыңыз дәмді болсын! Ұнайды деп ойлаймын!)