Мақсатқа жеткізер баспалдақтар (Байқау)
жеке
блог

Мақсатқа жеткізер баспалдақтар (Байқау)

Баршаңызға жалынды сəлем!

Кесте – сəндік қол өнерінің бір түрі. Мата, тері, киіз, т.б. материалдар бетіне əр түрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалады. Ежелден халық арасына кең тараған.

Кестелеуді қолмен тігу үшін жіп, мата, ине, қайшы, оймақ қажет. Матаның қалыңдығы кесте жібінің жіңішке, жуандығына жəне тігістің шаншылым жиілігіне сай келуі керек. Мата қалыңдау болғаны дұрыс, бірақ тігісті тартып, иненің өтуін қалыңдатпауы керек, мата өте жұмсақ болса да тіккен кесте бедері əдемі көрінбей қалады.

Кесте бастар алдында тігінші апамнан біраз кеңестер алып, онымен ақылдастым. Кішкентай емес үлкен кесте бастағым келген болатын жəне бастадым.

Əзірге кестемді аяқтай қоймадым, осы уақытқа шейін тіккенімді көрсеткім келді. Суреттің мағынасына келер болсақ пионистің жарқын болашағы секілді етіп алдым. Өзім пиониноға жақын болғандықтан басыма осындай идея келді. Яғни, төмендегі түрлі-түсті ерекше пионино болсая, жоғарыдағы ашық үйлесімді түстерден болашақты қүрадым.

Алфавиттерді жаттап, таңбалай алатын болдым. Енді санауды үйреніп жатырмын. Барша корейлер екі түрлі санақ жүйелерін қолданады. Біріншісі бекітілген кореялық болса, екіншісі қытайлық. Егер сізге санақ бойынша бірнəрсе жазу керек болса, онда алдымен тексеріп алғаныңыз жөн. Сіз корейлік жəне қытайлық санақты бірдей жаттап алсаңыз өзіңізге тиімді болады.

Керемет аспан суреттерін қабыл алыңыздар!