Әлем әдебиетіне саяхат (байқау)
жеке
блог

Әлем әдебиетіне саяхат (байқау)

Осы аптада Əлем əдебиетін оқып, кереметтей əсер алдым.

Бəріне əйгілі, мықты, атақты ертегіші, анықтап айтқанда Ганс Кристиан Андерсанның біраз ертегілерін оқыдым. Ең алдымен ертегішінің өмір баянына көз жүгіртсек.

Ганс Кристиан Андерсан (02.04.1805, Оденсе қ. — 1.8.1875, Копенгаген) — дат жазушысы. Әлемге әйгілі балалар және ересектерге арналған ертегілер авторы.

“Импровизатор” (1835), “Тек скрипкашы” (1837), “Қос баронесса” (1-3, 1849) романдары, “Мулат” пьесасы, “Ақын базары” (1842) жолжазба очерктер кітабы, “Менің өмірімнің ертегісі” өмірбаяндық кітабы т.б. шығармалары әлем оқырмандарына жақсы таныс. Негізінен, әдеби ертегі, повестерімен даңқы шыққан. “Балаларға айтылған ертегілер” (1-3 кіт., 1835—37), “Жаңа ертегілер” (1845 — 48), “Оқиғалар” (1852 — 53) деген жинақтары жарық көрді. “Қайыспас қалайы солдат” (1838), “Шошқа бағушы” (1841), “Бұлбұл” (1843), “Сүйкімсіз балапан” (1843), “Қаршақыз” (1844), “Көлеңке” (1847), “Ана” (1848) т.б. танымал ертегі кітаптарында жазушы ар тазалығы мен жан жомарттығын, әділет, жақсылық сезімдерін ашып көрсеткен.

Андерсен халық ертегілерінің образдарын пайдаланған жоқ, өзі бұрын мүлде беймәлім жаңа образдар ойлап тапты. «Інжу мен алтыннан да қымбат» атты ертегі-пьесасында дракондар бұзылып қалады. Бір драконның сол жақ қанаты сынып қалса, екіншісінің аузынан от шашатын механизмі істен шығады. Әрине, бұл күйінде дракондар ұша алмайтын болғандықтан, ертегі кейіпкеріне транспорттың басқа түрін табуға тура келеді. Андерсен ертегілерінде бәрі бар: темір жол, ұшатын шар, тіпті газетке дейін басылып шығады. Ертегілерде заттарға жан бітіп, ойыншықтар белсенді әрекет етеді.

Оқыған шығармаларым:
"Шырша" ,
"Шырпы сатқан қыз" 
"Шошқашы"

"Шырша"
Бұл шығарма да бағалауды жəне қанағат ете білуді үйретеді.

Жас шырша тезірек өсуді аңсайды. Жанындағы үлкен шыршаларды алып кеткен кезде, олардың қайда баратыны қызық болды. Олардың не көретіні қызық болды. Дəл осы себептен тез үлкен шыршаға айналып, өзін алып кеткенін қалады. Айлар артынан жылдар өтіп жас шырша жайқала өсіп, үлкен шыршаға айналды. Бұл ол үшін қуанышты жаңалық еді... Жаңа жыл үшін оны безендіріп, балалар айнала бастады. Бұл қуанышты мəңгілік деп ойлады, өмір бақи безендірген күйі тұрамын деп ойлады. Бірақ жаңа-жыл біткеннен кейін қараңғы қоймаға қоя салды. Сол жерде тышқан-егеуқұйрықтармен достаса бастады. Бірақ бұл достық та ұзаққа созылмады. Өз өткен шағын тышқандарға айтып отыра өзінің бұрынғы өмірінде бақытты болғанын түсінді. Сол шыршаларды, айнала ұшып жүретін құстарды сағынды.
Бірақ тым кеш еді... Соңында мəңгілікке жанып кетті.

"Шырпы сатқан қыз"
Бұл жайында айтпасам да болатын шығар, иə?! Кішкентай қыздың жаңа-жыл алдындағы бір күндік оқиғасы жайында. Қыстың қақаған аязында шырпы сатып жүреді. Əрине өзі қалағандықтан емес, жоқшылықтың кесірінен. "Əкем ұрады" деген қорқыныштан... Шырпы жағып өзі мен əжесінің жаңа-жылды қарсы алып жатқан көрінісін көреді.Шырпы сөнген сайын, көріністе аяқсыз қалады. Бəрін көру үшін барлық шырпысын жаға береді. Соңында жүзі күлімдеп мəңгі ұйқыға кетеді... Халық оны көріп аяп жатты, бірақ оның қандай кереметтей оқиғаға тап болғанын қайдан білсін?!

"Шошқашы"
Ертеде бір ханзада өмір сүріпті жəне бір ханшайымға ғашық болыпты. Оған үйленгісі келсе де, ханшайым өз келісімін бермей, əрқашан тəкапарлық көрсетумен болады. Ханзада оған өзіне қымбат ерекше гүлі мен құсын берсе де сезімін қабыл алмапты. Солай ханзада ханшайымның сарайына шошқашы болып барады. Сонда жұмыс істеп жүріп ерекше құмыра жасайды.Бұны естіген ханшайым əрине затты сатып алғысы келеді. Ал шошқашы(ханзада) оны 10 рет сүю керектігін айтады. Ханшайым біраз қарсыласқанымен, кейін келіседі. Сүйіп жатқанда ханшайымның əкесі бұл оқиғаның үстінен түсіп, ханшайымға қатты ренжіп, оны сарайдан қуып шығады. Сарайдан шыққан соң ханзада өз киімін киіп "Саған өзіме деген қымбат заттарды берсем де, сезімімді қабыл алмадың. Ал бір ойыншық үшін сен шошқашыны сүйдің! Сен қанағат ете алмадың" деп мəңгілікке одан кетіп қалды.

Иə, бұлар қарапайым ғана ертегілер. Бірақ мəн-мағынасы өте зор, тым тереңде. Өмірде адам өз балалық шағын, əр нəрсені бағалай білуі керек. Əңгіме оқығанда саны не болмаса қанша уақытта оқығаның маңызды емес, бастысы не түйгенің!