Кешірім сұрай білесіз бе? (Стендап)

Кешірім сұрай білесіз бе? (Стендап)
жеке
блог

Өміріміздің әрбір күнінде әртүрлі қателіктер жасап, оны өзіміз байқамай жатамыз. Ол туралы ойланғымыз да келмейді. Мүмкін, бір жанның жүрегіне жазылмас жара салып кеткен болармыз. Мүмкін, кекшілдік пен өшпенділікті ойлап, кешірімділікті ұмытқан шығармыз. Мүмкін... 

Тек қана кешірім сұрау емес, кешірім беру де ұлылықтың белгісі. Өмірдің алма кезек екенін естен шығармаңыз, сіз сұраған кешірімді, сізден де сұрайды. Өміріміздің әрбір сәтін бақытқа, шаттыққа бөлеп өтейік. Жанымызға жақын жандар аз ғана, оларды ренжітіп алмайық. Бақытты болайық.

Мен осы жазбамда барлығыңнан кешірім сұраймын, менен кешірім сұраған жандарға айтарым: кешірдім, кештім бәріңді.

 P.S  Әсел әпкенің тапсырмасы бойынша алғаш рет Стендап видео түсірдім. Кемшіліктері болса түзеп, пікір етіп қалдырыңыздар.