Пенденің жеті кереметі

Пенденің жеті кереметі
жеке
блог

Қайырлы күн, құрметті Массагеттік достарым. Біз әлемнің жеті кереметін білеміз.Олар:  Мысыр пирамидалары; Бабылдың аспалы бағы; Эфестегі Артемида ғимараты; Зевстің мүсіні; Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы; Александрия шамшырағы болса, адамның жеті кереметі не?! Мен осы жайлы  ойлана отырып сіздермен өз ойымды бөліссембе дедім.

Ең алғашқы керемет-жүрек, ол адамды өзіне бағындыра алады. Сонымен қатар өмірдің қиынына да, жеңіліне де төзе біледі. Сезім деген құпияда осы жерде сақталған.

Екінші керемет-ми. Барлық дене мүшесі демалып  жатқанда ми  қызмет етуін жалғастырады. Керек дүниелерде осы жерге сақталып қалады.

Үшінші керемет-көз.  Көру жүйесі арқылы ғана адам барлық кереметті, жақсылық пен жамандықты, әдемілікті көре алады.

Төртінші керемет-қол. Сенің істеп жатқан жұмысыңның бәрі осы қол арқылы қызмет атқарады.  Қол-қыздардың сұлулығы болса, ер балалардың-күші.

Бесінші керемет-аяқ. Жүру, жүгіру, тіпті көрудің өзі осыған байланысты. Денсаулықтың  саулығы да  байланысты.

Алтыншы керемет-дауыс. Дауыс адамдардың қарым-қатынас жасауына қажет дүние.

Жетінші керемет-отбасы. Яғни, ата-ана. Олар адамның қос қанаты. Қуаныш пен жақсылыққа толы жандар. Адамға сенім беретін күш-қуат.

Ал осының барлығы денсаулық!  Өзіміздегі керемет дүниелерді бағалай білейік!