Аспаздыққа әркімнің бар таласы(байқау)

Аспаздыққа әркімнің бар таласы(байқау)
жеке
блог
"Ас – адамның арқауы" деген қазақтың мақалы. Бұл – өте құнды мақал. Өйткені денсаулықтың жақсы болуы адамның дұрыс тамақтануына байланысты. Дұрыс тамақтану әсіресе балалар үшін қажет. Дұрыс тамақтану адамның қанын толтырады, күшін арттырады.

Жайлы жағдайда тамақ ішу қанағат сезім әкеледі. Әрине, дәмді тамақ ішудің ләззатына тым беріліп, оны нағыз мақсат етіп алуға болмайды. Лев Толстой былай жазған: "Қомағайлық өзгелерге елеулі зиян келтірмейтін болғандықтан ғана оны күнә деп санамайды, бірақ ол адамның қасиеттеріне қарсы күнә болып саналады". Ежелгі грек данышпаны Сократтың өзі де: "Біз тамақ ішу үшін өмір сүрмейміз, қайта өмір сүру үшін тамақ ішеміз", - деген екен. Мен бүгін мақсатыма жетудің яғни тағам әзірлеп үйренудің алғашқы сатысын бастадым. Жаз мезгілінде көбі жеңіл тағам жеуді мақұл тұтады. Мен осы алғашқы тағамды кәдіден салат жасауды ұйғардым. Кәдінің жемістерінде 5-6% құрғақ зат, 2,5% қант, 0,55% протеин, 0,13%майС витаминіминералдық тұздарорганикалық қышқылдар, т.б. заттар бар. Кәдіні тұздауға, бұқтыруға, қуыруға болады және одан кәді уылдырығы жасалады. Қазақстандағы ең көп тараған, ерте пісетін, суыққа төзімді сорты – «Грибовский 37». 

Кәдіден салат жасау үшін бізге:
1.Кәді
2.Өсімдік майы
3.Қызанақ
4.Бұрыш және тұз
5.Майонез немесе кетчуп
6.Ұн
Жасалу жолын видеодан көре аласыздар.