Ескінің жаңаруы (байқау)

Ескінің жаңаруы (байқау)
жеке
блог

Сәлем массагеттік достар!

Mен "Мақсатыңа массагетпен бірге жет" байқауы арқылы өз мақсаттарыма ақырындап жетіп жатырмын. Сол мақсаттарымның бірі – ескі, қолданыстан шыққан заттарға екінші өмір сыйлау. Бүгін мен сіздерге сол мақсатымның қалай орындалғанын көрсетемін. 

Егерде сіздің үйіңізде ескі немесе кигіңіз келмейтін, көңіліңізден шықпайтын киіміңіз болса оны қоқысқа тастауға асықпаңыз. Одан жаңа, қазіргі заманға сай сәнді киім жасаңыз. Ол үшін сізге киім және фантазияңызды іске қосу керек. Сонымен қатар ғаламтордың, әлеуметтік желілердің көмегіне жүгінулеріңізге болады.

Енді іске көшейік. Ең бірінші мен сіздерге қарапайым жейдеден (футболкадан) қазіргі заманға сай сәнді жейде жасаймын. Ал келесі ескі джинсыдың қалай өзгергенін көресіздер.

Бізге керек заттар:

Жейде (футболка)
Қалам 
Бояу
Қайшы
Жейдеге салатын суреттің сызбасы

Бірінші жейдемізге сурет саламыз. Сурет салу қабілетіңіз жақсы болса жейдеге өз қолыңызбен сала беруге болады. Ал сенімсіз болсаңыз суретті ақ бетке сызып алып немесе принтерден шығарып алуыңызға болады. Жейдені бүлдіріп алмайын деп ақ бетке салып алдым және соның үстінен қаламмен бастырып шықтым. Сосын қара бояумен боядым. Боямастан бұрын жейдеміздің келесі жағын бүлдіріп алмас үшін суретіміздің астына картон қағаз қоямыз. Кепкенін күтеміз.

Кепкен соң жағасын, жеңін, астыңғы жағын қайшымен қиып шығамыз. Қиылған жерлерін созамыз, қиылғаны білінбес үшін. Жейдеміз дайын болды!!!

Бізге керек заттар: 

Джинсы 
Қайшы 
Қалам 
Бояу

Джинсымызды алып өзіміз қалаған ұзындықта балақтарын кесеміз.

Жыртықтар жасаймыз. Жыртық жасайтын жерімізді белгілеп қиямыз.

Жыртықты қалай жасау туралы YouTube - тан көріулеріңізге болады.

Осымен шектеліп қалмай мен тағы да өзімнің фантазиямды қосқым келді. Яғни гүлдерді салдым.

Оларды бояп шықтым. Джинсымыз да дайын!