Менің шәкірттерім

Менің шәкірттерім
жеке
блог

Сәлем достар!

Мен ағылшын тілі пәнінен мұғалім болуды армандайтынымды және ол менін ең  басты мақсатым деп айтқан болатынмын.  Мен кішкентай кезімнен бері көршілердің, туыстарымның  балаларын жинап алып сабақ  өтетінмін. Ең  алғашкы өзім үйренген әліппені де окып үйреткен шәкірттерім бар. Ылғи да өзімнен кіші  балаларға  әліппе үйретіп, есеп шығартатынмын. Қазірде ең  алғашкы үш шәкіртім жетінші сыныпты аяктады. Оларға бастапқы кезеңде ғана математика мен әліппені түсіндіргенмін. Ал әрі  қарай өздері оқып кетті. Олардың  үшеуі де қазір үздік оқиды. Мен олармен мақтанамын. Өзімнің  туған іні – сіңлілерімдей көремін.

 Қазіргі  шәкірттерім өте кішкентай бірі  бірінші сыныпқа енді  барса бірі 2,бірі 3, сыныптарды ал біреуі 1 сыныпты аяқтады. Олардың  сабаққа деген ынтасы өте тамаша. Оларға сабақ түсіндірудін өзі  бір қуаныш. Олардың “Апай,апай…” десіп қуана қарсы алғандары мен “Енді  қашан сабақ болады?”,-деп,  қыймай  қоштасқандары жүрекке ерекше сезім сыйлайды.

Бүгін де оларды шақырып ерекше бір сабақ  өттім. Жалпы оқушылар әр түрлі  жаста болғандықтан әр қайсысының  деңгейіне қарап тапсырма беру керек болды. Сондықтан да тақырып пен жаңа сабақтың  тақырыбын таңдау біраз  қыйынга соқты. Ойлана келе тақырыпты “English in my life” деп алдым. Сабақта өткен тақырыпты қайталауда,сергіту сәтінде және жаңа тақырып кезінде компьютерді пайдаланып, видеороликтер көрдік. Сабақтың  қалай өткенін суреттер арқылы көре аласыздар.

Ең  біринші біз  Қазақстан Республикасының  гимнін орындадық. Одан кейін шаттық  шеңберін құрып, бір – бірімізге жылы лебіздерімізді  білдірдік.

 

Одан кейін оқушыларды үш – үштен екі  топқа бөлдік. Топтарды “Eagle”, “Stars” деп атадық.

 

Бұрынғы өткен тақырыптарымызды біраз қайталап, өткен тақырыптармен байланысты ойын ойнадық. Бірінші ойында тақтадағы  цифрлардың ағылшынша атауын тауып, орналастыру болды. Бұл тапсырма оқушыларға онша қыйынға соға қоймады.

Ал екінші  ойында 25 бүтін және,1 жарылған шардың сурети берілді. Шарларда ағылшын тілінің әріптері жазулы болды. Тапсырма: жарылған шардағы әріпті  табу болды.

Одан кейін жаңа тақырып түсіндіруге кірістім. Жаңа тақырыбымыз – My family. Отбасы мүшелерінің  ағылшынша атауын жаттадық.

Жаңа тақырыпты әбден түсініп болғаннан кейін постер қорғауға тапсырма бердім. Екі топ та ақ параққа “My family” тақырыбында сурет салып, суретте кімдердің бейнеленгенін ағылшын тілінде атап көрсетті.

 

Одан кейін бой жазып, біраз демалып қалу үшін сергіту сәті  болды. Ол кезде оқушылар бірнеше әуенге билеп, көңілдері  жадырап  қалды.

Оқушылардың  сабақтан алған  әсерін білу үшін, ойларын кағазға түсіруді  өтіндім. Оларға сабақ толықтай ұнапты.

Енді  бағаларын айтып, қуантатын сәтте келді. Әр оқушының  нәтижесін айтып, оларға сыйлық силадым.

Міне, менін сабағым осылай өтті. Қатысқан оқушыларыма алғысым шексіз!

Оларға алдағы өмірде тек сәттілік тілеймін! Балапандар, тек биіктен көріне беріндер. Самғап ұшар қанаттарың талмасын.Менің  шәкірттерім,менің мақтанышым. Әрдайым жүректерін мейірімге толы болсын! Мені  әрдайым қолдайтын сендер аман болыңдар!